Оралда Қаршыға Ахмедияровтың құрметіне концерт қойылды (ФОТО)

Фотография - Оралда Қаршыға Ахмедияровтың құрметіне концерт қойылды (ФОТО)

ҚР халық әртісі, Мемлекеттік сыйлықтың және "Парасат" орденінің иегері Қаршыға Ахмедияровтың құрметіне шәкірті, Х халықаралық "Шабыт" фестивалінің бас жүлдегері, халықаралық және республикалық байқаулардың лауреаты Досым Мақсотов "Ұстазға" деген концертін қойды.

323 0

"Нұр Отан" партиясы БҚО филиалы ғимаратының залында күйші-композитор, ҚР халық әртісі, Мемлекеттік сыйлықтың және "Парасат" орденінің иегері Қаршыға Ахмедияровтың құрметіне шәкірті, Х халықаралық "Шабыт" фестивалінің бас  жүлдегері, халықаралық және республикалық байқаулардың лауреаты Досым Мақсотов "Ұстазға" деген концертін қойды.

Алдымен Қаршыға Ахмедияров туралы бейнефильм көрсетілсе, содан кейін Досым Мақсотов ұстазының туындыларын тебірене орындады. Сондай-ақ кеште Қырымгерей Қажымов пен Еркін Нұрымбетовтің дирижерлік етуімен Дәулеткерей атындағы қазақ ұлт аспаптар оркестрі, Қазақстанның еңбек сіңірген мәдениет қызметкері, "Құрмет" орденінің иегері Ермек Қазиев бастаған домбырашылар, Қазақстанның еңбек сіңірген әртістері Жұмағаным Рахымова, Сәуле Таудаева және басқа әншілер өз өнерлерін көрсетті.

Концертті тамашалаған облыс әкімі Нұрлан Ноғаев Қаршыға Ахмедияровтың халық композиторлары мен өз туындыларын тамаша орындап қана қоймай, Махамбет сынды ұлы тұлғалардың күйлерін іздестіріп тауып, кейінгі ұрпаққа табыстап кеткенін атап өтті. Бүгінгі таңда ұстазының ұлағатты істерін шәкірттері жалғастыруда.

Кеш барысында күйші-композитордың досы Ғабдрахим Жаңбырбаев пен бауыры Алғи Ахмедияров естеліктерімен бөлісіп, осынау концертті ұйымдастырушыларға алғысын білдірді.

null 

null 

null 

nullҚазАқпарат



Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!