Қазақ боксшылары жарнамалық роликтерге түсе бастады

Фотография - Қазақ боксшылары жарнамалық роликтерге түсе бастады

Қазақстан бокс федерациясы Procter&Gamble компаниясымен келісім жасасты.

445 0

Қазақстан бокс федерациясы Procter&Gamble компаниясымен келісім жасасты. Енді қазақстандық боксшылар бір жыл бойы компанияның жарнамасын жасайды. Ал мекеме бір жыл бойы боксшылардың бүкіл шығынын көтереді.

Procter&Gamble компаниясы көп жылдан бері әлемнің әр мемлекетінде өзінің жарнамаларында спортшыларды пайдаланып келеді. Мәселен, әлемге әйгілі футболшылар Лионель Месси мен Мэтт Хуммельс, жүзгіш Майкл Фелпс, хоккейші Хенрик Лундквист, биатлоншы Эмиль Свенсен, жеңіл атлет Александр Шустовтың компанияның жарнамасын жасап жүргені белгілі.

Ал Қазақстанда мұндай акция алғаш рет қолға алынып отыр. Тәжірибе ретінде компания еліміздің боксшыларын таңдап алыпты. Себебі, бокс Қазақстан халқының сүйікті спорт түрі.

Халықаралық ареналарда еліміздің намысын жыртып жүрген сайыпқырандарымыздың алдағы уақытта Procter&Gamble сусабынының жарнамасын жасағанын көзіңіз шалса, таң қалмаңыз. Жарнамаларды мерзімді басылымдардан, каталогтардан, постерлерден, баннерлерден, ғимарат сыртындағы жарнамалардан, тіпті, телеарналардан көруіңіз әбден мүмкін.

Қазақстан бокс құрамасының капитаны Данияр Елеусінов қатысқан алғашқы жарнамалық ролик Алматы қаласында түсірілген. Жуырда арнайы PR-науқан телеарналар мен ғаламтор желісінде пайда болады.

 

BNews.kz

 


Тегтер:

бокс жарнама

Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!