"Қазақ елі" анимациялық фильмінің тұсаукесері тәуелсіздік күні өтеді

Фотография - "Қазақ елі" анимациялық фильмінің тұсаукесері тәуелсіздік күні өтеді

ҚР Мәдениет және спорт министрлігінің тапсырысы бойынша оңтүстікқазақстандық "Сақ" киностудиясы Қазақ хандығының негізін қалаушы Керей мен Жәнібек хандарға арналған "Қазақ елі" атты толық метражды анимациялық фильм түсіруде.

779 0

ҚР Мәдениет және спорт министрлігінің тапсырысы бойынша оңтүстікқазақстандық "Сақ" киностудиясы Қазақ хандығының негізін қалаушы Керей мен Жәнібек хандарға арналған "Қазақ елі" атты толық метражды анимациялық фильм түсіруде. Бұл туралы бүгін ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметінің облыстық филиалында облыстық мәдениет басқармасы басшысының орынбасары Асылхан Темірхан хабарлады.

Оның айтуынша, толық метражды фильмнің премьерасы осы жылдың 16 желтоқсан күні Астана қаласында өтпек. Аталған фильмнің режиссеры "Оңтүстікфильм" мекемесінің директоры Батырхан Дәуренбеков.

Сондай-ақ, Оңтүстік Қазақстанда Қазақ хандығының 550 жылдығына орай "Ұлы дала өсиеті" атты кітап жарық көрді.
Баспасөз мәслихатында басқарма басшысының орынбасары Қазақ хандығының туы тігілген – Тараз қаласында өтетін мерейтойға Оңтүстік Қазақстаннан екі жүзге жуық делегат қатысатынын айтты.

Айтулы мерейтой Тараз қаласында қазанның 7-9 күндері аралығында Елбасы мен шетелдік қонақтардың қатысуымен өтеді. Бізден барған делегат мүшелері мерекелік шарада үш киіз үй тігіп, жәдігерлерден құралған жүзден астам экспонаттарды көрмеге ұсынбақ. Сонымен қатар оңтүстікқазақстандық өнер майталмандары әннен шашу шашып, мың бұралған бишілеріміз би билемек.

Оңтүстік Қазақстан облысы Қазақ хандығының 550 жылдығына Тараз қаласына тартуы ретінде Оңтүстік қақпаны қайта құрып, екі барелеьф орнатты. Қақпаның төменгі қабатын гранитпен, екінші қабаты травертинмен қапталды. Ал кіреберіс жағындағы жоғарғы бұрыштары барельефпен көркемделіп, қақпаның екі жақ бетіне тротуар төселіп, абаттандыру жұмыстары жасалды.

"Қазақ хандығының 550 жылдығына орай облыста тарихи-мәдени және ғылыми конференциялар сынды 75 іс-шара өтті. Ал, өңірдегі 8 кәсіби театрда осы датаға арналған қойылымдар қойылды", − деді А.Темірхан.

baq.kz



Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!