Алматыда "Шлагбаум" фильмінің премьерасы өтті (бейне)

Фотография - Алматыда "Шлагбаум" фильмінің премьерасы өтті (бейне)

Алматыда Жасұлан Пошановтың "Шлагбаум" фильмінің премьерасы өтті

230 0

Алматыда Жасұлан Пошановтың "Шлагбаум" фильмінің премьерасы өтті. Қазіргі жастардың қарама-қайшылыққа толы өмірінен сыр шертетін кинокартина "Партизан киносы" қозғалысы аясында түсірілген.

Фильмдегі оқиға желісіне ауылдан Алматыға күнкөріс үшін келген Рауан есімді жігіттің (Еркебұлан Дайыров сомдайды) өмірі арқау болған. Жас жігіт өңкей байлар тұратын зәулім тұрғын үйде күзетші болып жұмыс істейді, шлагбаум көтереді. Ал тамағы тоқ, киімі көк Айдар есімді екінші кейіпкер (Дидар Кеден сомдайды) мұнай магнатының ұлы, Рауан істейтін үйде тұрады. Қос жігіт бір-бірімен күн сайын жолығысып қалады. Екеуі де табанды, алға қойған мақсаттарына өз еңбегімен жетуге талпынады.

"Партизан киносы" қозғалысының идеясы бір жыл бұрын туындаған еді. Негізі мақсат – жас кинематографистердің басын қосып, қазіргі буынды толғандырып жүрген дүниелер, яғни әлеуметтік мәселелер жайында кино түсіру», - деп пікірімен бөлісті «Шлагбаум» фильмінің продюсері Асқар Ұзабаев.

Бар болғаны 18 күн ішінде 15 мың долларға түсірілген кинотуынды бірнеше халықаралық жүлдеге ие болды.

 

BNews.kz



Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!