"Қазақстан аруы-2015" байқауының жеңімпазы 5 млн. теңге иеленеді

Фотография - "Қазақстан аруы-2015" байқауының жеңімпазы 5 млн. теңге иеленеді

"Қазақстан аруы" конкурсының жеңімпазы 5 млн. теңге иеленетін болады. Бұл туралы бүгін Орталық коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз мәслихатында арулар байқауының fashion-продюсері Сәкен Жақсыбаев мәлім етті.

299 0

"Қазақстан аруы" конкурсының жеңімпазы 5 млн. теңге иеленетін болады. Бұл туралы бүгін Орталық коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз мәслихатында арулар байқауының fashion-продюсері Сәкен Жақсыбаев мәлім етті. 

Продюсердің сөзіне қарағанда, ұйымдастырушылар осылайша ағымдағы жылы өтетін конкурстың жүлде қорын арттырып отыр.

"Шындығында, бес миллион теңге - бұл айтарлықтай қомақты қаражат, оған өз бизнесіңді де ашуға болады, жеңімпаз үшін мансабын жалғастыруға немесе өзінің білімін еліміздегі, әлемдегі жетекші университеттерде жалғастыруға да мүмкіндік болады. Осының өзі ынталандырудың ерекшелігі болса керек", - дейді С.Жақсыбаев.

Айта кетерлігі, ұйымдастырушылардың ақпаратына қарағанда, конкурсқа қатысу барша қазақстандық нәзікжанды арулар үшін тегін болады. Ең бастысы олар Қазақстан азаматшасы болуы шарт.

"Барлық шығындар конкурс дирекциясының бюджетіне енгізілген. Біз бұны қыздарымыздың барлығына теңдей жағдай жасау үшін ойластырып отырмыз", - дейді ол.

Еске сала кетейік, «Қазақстан аруы-2015» 19-шы жыл сайынғы ұлттық конкурсы Астана қаласында 10 желтоқсанда өтеді. Жеңімпаз ару СМС хабарлама арқылы халықты да қатыстыру жолымен айқындалмақ.

 

ҚазАқпарат



Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!