Ермек Тұрсыновтың "Жат" фильмі "Оскар" жүлдесінен үміттілер тізімінде тұр

Фотография - Ермек Тұрсыновтың "Жат" фильмі "Оскар" жүлдесінен үміттілер тізімінде тұр

Қазақстандық режиссер Ермек Тұрсыновтың "Жат" фильмі "Оскар" жүлдесінен үміттілердің тізіміне кірді. Фильм "Шетел тіліндегі үздік фильм" категориясы бойынша бақ сынайды.

326 0

Қазақстандық режиссер Ермек Тұрсыновтың "Жат" фильмі "Оскар" жүлдесінен үміттілердің тізіміне кірді. Фильм "Шетел тіліндегі үздік фильм" категориясы бойынша бақ сынайды.

Естеріңізге салсақ, "Жат" фильмі - Dolby Atmos көпарналы дыбыстық форматында түсірілген алғашқы қазақстандық кинотуынды. Картинаны дайындаушылардың сөзіне қарағанда, фильмді түсіруге кәсіпкер достары демеушілік көрсеткен. Фильмінің сценариін Тұрсынов 25 жыл бұрын диплом жұмысына арнап жазған көрінеді. Кинокартина өмірде болған оқиғаларға негізделген, онда 30-жылдары өмірден баз кешіп, тауда ғұмыр кешуге кетіп қалған Ілияс есімді ер адамның басынан кешкен оқиғалары баяндалады.

Фильмнің қоюшы-операторы Мұрат Әлиев, қоюшы-суретші - Александр Ророкин, композитор - Қуат Шілдебаев. Басты рөлдерді Ержан Нұрымбет, Элина Абайқызы, Қуандық Қыстықбаев, Александр Карпов, Роза Хайруллина, Ерболат Тоғызақов сомдайды.

Лонг-парақшаға - киноакадемия сыйлығынан үміттілер тізіміне 81 елдің үздік фильмдері бақ сынайды. Іріктеуден өткен тоғыз үміткер шорт-парақшаға енеді. Тізімнің қорытындысы келесі жылдың 14 қаңтарында жарияланады. 2016 жылы 28 ақпанда өтетін салтанатқа бар болғаны бес картина жолдама алады.

Айта кетейік, Ермек Тұрсыновтың бұған дейін «Келін» және «Шал" фильмдері "Оскарға" ұсынылған болатын. 2013 жылы "Шал" атты картинасы "Оскар" сыйлығынан үміттілердің қатарында болып, шорт-парақшаға іліге алмай қалған.

 

baq.kz

 


Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!