Ұлттық музейде "Зергерлік өнер" көрмесі ашылады

Фотография - Ұлттық музейде "Зергерлік өнер" көрмесі ашылады

13 қазан күні Астана қаласындағы Қазақстан Республикасының Ұлттық музейінде "Зергерлік өнер" көрмесі ашылады.

298 0

13 қазан күні Астана қаласындағы Қазақстан Республикасының Ұлттық музейінде "Зергерлік өнер" көрмесі ашылады.
Бұл көрме "Ғасырлар қойнауынан сыр шерткен Қазақстан" жобасы аясында Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген мәдениет қайраткері, өнертанушы Баһаргүл Төлегеннің жеке коллекциясындағы антикварлық зергерлік бұйымдар топтамасынан ұйымдастырылған.

Зергерлік бұйымдарды жасау дәстүрі шығыс елдерінде, соның ішінде қазақ халқында да ғасырлар бойы жалғасып келе жатқаны белгілі. Қымбат тастарды пайдалана отырып, бағалы металдардан сақина, білезік, балдақ, сырға және басқа да көптеген бұйымдарды жасаған шеберлердің жолын жағастырушылар бүгінгі таңда да аз емес. Аталған көрмеде зергерлік өнердің небір шебер туындылары келушілер назарына ұсынылады.

Осы көрменің ашылуына мемлекет және қоғам қайраткерлері, Парламент депутаттары шақырылып отыр.

Айта кету керек, Ұлттық музей елордамыздың Тәуелсіздік даңғылындағы 54 үйде орналасқан. Аталған шара 13 қазан күні сағат 16.00-де №1 көрме залында өтеді.

 



Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!