Алматылық продюсер талантты жастарды іріктеуге кастинг жариялады

Фотография - Алматылық продюсер талантты жастарды іріктеуге кастинг жариялады

Продюсер Алмас Бекіш эстрада саласында үздік топ құруды көздеп отыр. Ол ән айтып, музыкалық аспаптарда еркін ойнайтын талантты жандарды іздестіреді.

300 0

Продюсер Алмас Бекіш эстрада саласында үздік топ құруды көздеп отыр. Ол ән айтып, музыкалық аспаптарда еркін ойнайтын талантты жандарды іздестіреді, деп хабарлайды gakku.kz.
"14 қазанда Алматыдағы "Қазақстан" қонақ үйінің караоке клубында кастинг өтеді. Бізге талантты ән айтатын қыз бен жігіт және көптеген музыкалық аспапта ойнайтын таланттар керек", - деді продюсер. 

Өнерлілерге байқау жариялап отырған продюсер топтың болашағын қалай елестететінін айтты. Оған "А-студио" мен "Формат" тобы ұнайды екен. Солардың дәрежесіне жеткізуді жоспарлап отыр.

"А-студио" мен "Формат" тобы ұнайды өзіме. Сондай бір жаңа топ құрғым келеді", - дейді Алмас.

Ол бұл ойын іске асыру үшін бір жыл төңірегінде ойланған. Авторлық әндер де дайын. Таланттар таңдалса, ән жазып, клип түсіріп, өздері туралы жұртқа кеңінен жарияламақ.

"Авторлық әндерді аспаптармен орындап жүрген топтар кемде кем. Сәтін салса, кастингтен соң әндер жазып, клип түсіреміз. Алда жоспар да, жұмыс та көп", - Алмас Бекіш.



Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!