Ademi "Жаңа толқын - 2015" байқауында екінші орынды иеленді

Фотография - Ademi "Жаңа толқын - 2015" байқауында екінші орынды иеленді

Қазақстандық әнші Ademi Сочиде өткен "Жаңа толқын - 2015" халықаралық байқауында екінші орынды иеленді.

511 0

Қазақстандық әнші Ademi Сочиде өткен "Жаңа толқын - 2015" халықаралық байқауында екінші орынды иеленді, деп хабарлайды BNews.kz.
Кеше байқаудың үшінші күнінде әртістер өз репертуарынан авторлық ән орындады. 

Ademi (Әдемі - Динара Қайырова) танымал композитор Ренат Гайсин арнайы жазып берген "Соңғы көктем" әнін орындады. Композицияны ол Батырхан Шүкеновке арнады. 

Ұпай саны бойынша қазақстандық екінші орынды индонезиялық әнші Millane Fernandez-пен бөлісті. 

Тағы бір Қазақстан өкілі – Voice KZ тобы 271 балл жинап, алтыншы орыннан көрінді.



Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!