Алматыдағы кинофестивальде әлемнің 30-ға жуық елінің жастарының туындылары көрсетіледі

Фотография - Алматыдағы кинофестивальде әлемнің 30-ға жуық елінің жастарының туындылары көрсетіледі

Кинофестивальдің мақсаты - Еуропа мен Азияның жас кинематографистерінің өзара ынтымақтасуы, олардың еңбектерін қолдап, дамыту, түрлі жанрдағы кинофильмдерді түсіруге деген қызығушылықтарын арттыру.

355 0

21-25 қазан аралығында Алматыда студенттік және дебюттік фильмдердің V халықаралық кинофестивалі өтеді. Жыл сайынғы бұл кино мерекесін Т.Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясы мен Алматы қаласы әкімдігінің қолдауымен "Tanaris Production" кинокомпаниясы ұйымдастырып отыр, деп хабарлайды қалалық мәдениет басқармасынан. 

Кинофестивальдің мақсаты - Еуропа мен Азияның жас кинематографистерінің өзара ынтымақтасуы, олардың еңбектерін қолдап, дамыту, түрлі жанрдағы кинофильмдерді түсіруге деген қызығушылықтарын арттыру.

Биылғы жылы "Бастау" фестивалінің бағдарламасына әлемнің 30-ға жуық елінен келген кино мектептерінің студенттерінің ойын және деректі туындылары енгізілген.

Бес күнге жалғасатын шарада фильмдер көрсетілімімен қатар, кино мектептерінің тұсаукесерлері өткізіліп, танымал кинематографистермен дөңгелек үстелдер мен шеберлік сыныптары ұйымдастырылады.

Еске салайық, байқауға 18-35 жас аралығындағы Қазақстан азаматтары қатыса алады. Байқауға қатысу үшін 2015 жылғы 20 қазанға дейін өтініш жіберу керек. Байқау талаптары бойынша сұрақтарды tanaris.prod@gmail.com поштасына жолдауға болады.



Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!