Танымал әнші Ақылбек Жеменей "Zhemeney" брендімен киім шығармақ

Фотография - Танымал әнші Ақылбек Жеменей "Zhemeney" брендімен киім шығармақ

Белгілі қазақстандық әнші Ақылбек Жеменей Zhemeney атты өз брендін қалыптастырып жатыр. Бұл туралы танымал жұлдыз "Қазақстан" телеарнасындағы "Бүгін жексенбі" бағдарламасында айтып өтті.

321 0

Белгілі қазақстандық әнші Ақылбек Жеменей Zhemeney атты өз брендін қалыптастырып жатыр. Бұл туралы танымал жұлдыз "Қазақстан" телеарнасындағы "Бүгін жексенбі" бағдарламасында айтып өтті.

Ақылбектің Instagram парақшасындағы жазылушылары әншінің эксклюзивті бастамасына қуанып, өз лебіздерін білдіруде.
Жанкүйерлер фотодағы Ақылбектің пиджагына қызығып, лезде бағасын сұрауда. Енді біреулері киімді тапсырыспен қалай алуға болатынын білгісі келеді.
Бірақ мұндай қуанышты бөлісушілердің арасында отандық киімдердің бағасы тым қымбат болатынын, қазақстандық брендтер қарапайым халық үшін қолжетімсіз екенін айтуда.
Айта кетерлігі, Ақылбек Жеменей бір жыл бұрын Алматыда Zhemeney records атты студия ашқан. Қазір әншінің студиясы уақытша істемей тұр екен. Бұған себеп, ән өңдеуші мамандар жетіспей жатыр, деп хабарлайды baistars.kz.



Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!