Қостанайда суретшілер көрмесі ашылды (фото)

Фотография - Қостанайда суретшілер көрмесі ашылды (фото)

Облыстық тарихи-өлкетану музейінде апалы-сіңлілі Ирина мен Наталья Ильчибаевалардың "Табиғат құдіреті" атты көрмесі ашылды. Олар негізіген түрлі техникада жасалған гобелен шығармаларын ұсынды.

1160 0

Облыстық тарихи-өлкетану музейінде апалы-сіңлілі Ирина мен Наталья Ильчибаевалардың "Табиғат құдіреті" атты көрмесі ашылды. Олар негізіген түрлі техникада жасалған гобелен шығармаларын ұсынды. Бұл туралы egemen.kz тілшісі хабарлады.
Апалы-сіңлілі Ильчибаевалар кәсіби суретшілер. Олардың түрлі техникда орындалған қолданбалы жұмыстары Қостанайда кеңінен мәлім.
Көрмеге қойылған киізден жасалған гобелендерді жүннен жасалған кескіндеме деп атауға болады. Ирина мен Натальяның жұмыстары көркемдігімен, шынайылығымен ерекшеленеді және лирикаға толы. Бұл техниканы фелтинг немесе құрғақ басу деп те атайды, өйткені бұйымды арнайы ине арқылы қолмен бірнеше рет шаншиды, соның нәтижесінде жүн нығыздалып, сурет пайда болады. Табиғат этюдтері, натюрморттар, суретті кілемдегі гүл композициялары өмірді сезінумен, әсемдігімен, көрермендерді өзінің бейнелі үйлесімділігімен баурайды және оларға жағымды қуат береді.
Суретші Наталья Ильчибаева: "Бүгінде адамдар суреттерді  белгілі бір сеніммен таңдайды. Мысалы, орхидея гүлі –махаббат белгісі, осы гүл бейнеленген гобеленді махаббат жетіспейтін үйге іліп қойған дұрыс. Ал көкқұтан құсы – ұзақ жасауды білдіреді, балық – байлық. Бізге сұраныс бергендер шығарманың осындай бір мазмұнға ие болғанын қалайды", – деді.
Шығарма жазу суретші қыздарға арзанға түспейді. Жүнмен жасалатын гобеленге жаңазеландиялық жүн пайдаланылады, инені Санкт – Петербугтен алдырады, жақсы материалдар өзімізде сатыла бермейді.

13-10-2015-Gul 3

13-10-2015-Gul 2

13-10-2015-Gul 1



Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!