Қазақстанда тұңғыш фантастикалық комедия ситкомы түсірілуде

Фотография - Қазақстанда тұңғыш фантастикалық комедия ситкомы түсірілуде

Фантастикалық комедия болу себебінен фильмдегі сюжеттер мен әртістердің барлығы да ойдан шығарылған.

4097 1

Сюжет бойынша қазіргі заманның адамдары сонау XV ғасырға Қазақ хандығына "машина времени" арқылы өтіп кетіп, солардың сол заманда бастан кешкен оқиғалары жайында болмақ. Фантастикалық комедия болу себебінен фильмдегі сюжеттер мен әртістердің барлығы да ойдан шығарылған.

Сериалдың продюссері Әсел Тоянованың  айтуынша, бұл 31 арнаның Қазақ хандығының 550 жылдығына қосқан үлесі. Фильмді түсіруде кастингке  ұзақ уақыт кеткен. Актерлердің барлығы да отандық Ғ.Мүсірепов атындағы  театрлардың актерлері және де Ақтаудан, Астанадан және Алматыдан келген жас актерлер.  Саундтрегін "Орда" тобы жазуда.

Нұрдәулет Шертім бастаған шығармашылық топ қазақ тіліндегі сценарийді өрбітіп, диалог қосқан. Идея авторы 31 арнаның директоры Бағдат Қожахмет.

Сериалды түсіруге үш ай уақыт бөлінген, эфирге шығу уақыты болжаммен қараша отызына белгіленген. "Адасқандар" сериалы 20 сюжеттен тұрады.  Хронометражы 24 минуттан. Түсірілім аймағы Алматы облысындағы Алматы-Астана тасжолындағы Ақши ауылының маңында түсірілуде. Қазіргі кезде ситкомның жетпіс пайызы түсірілген.

Ресейдің "Универ", "Деффчонки" атты атақты сериалдарын түсіруде ат салысқан киномотограф Шота Гамисония өзіне осы ситкомды түсіруге Қазақстаннан ұсыныс түскенде, қуана келіскенін айтады. Режиссер Қазақстанда бірінші рет жұмыс жасап жатқанын айтты. Киноны түсіруде командалық жұмыстың жоғарғы деңгейде екенедігін айта кетті.

Басты рөлдерде бірнеше жас актерлер сомдауда. 

  

Әли Марат "Әлішер" атты продюссердің рөлін сомдайды.

   

Алтынай Жолдыбаева "Айдана" атты әнші қыздың рөлінде. Айта кету керек, Алтынай қазақ халқына танымал бұрыңғы "KeshYou" тобының мүшесі Кәмшат Жолдыбаеваның туған сіңілісі. Сонымен қатар осы салада бағын сынап көрмек жас жігіттер де бар, олар әртүрлі КТК құрамаларынан немесе жас әншілер. 

Соның бірі Ардақ Кенжеұлы Үш байдың рөлін ойнаса, Dieta.kz тобының әншісі Жасұлан Базарбаев Жасұлан атты кейіпкердің рөлінде.




Суреттер: Ольга Адышева




Загрузка...

Пікір (1)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!


Aydos Kosubaev 15 қаз. 2015

Ардақ красавчик тағы бір саланы меңгеруде!

Жауап беру