Оралда халықаралық Надиров оқулары өткізілді

Фотография - Оралда халықаралық Надиров оқулары өткізілді

ХІІ халықаралық Надиров оқуларының пленарлық мәжілісі өткізілді.

323 0

"Нұр Отан" партиясы БҚО филиалы ғимаратының үлкен залында "Мұнайгаз кешенінде қуат үнемдеу және баламалы энергетика" мәселелері бойынша ХІІ халықаралық Надиров оқуларының пленарлық мәжілісі өткізілді.

Оған белгілі химик-ғалым, ҚР Ұлттық ғылым академиясының академигі, Қазақстан ғылымы мен техникасының еңбек сіңірген қайраткері, Мемлекеттік сыйлықтың иегері, профессор Надир Надиров қатысып, мұндай жиынның ғылым үшін, қазақстандық және ресейлік ғалымдардың бір-бірімен тәжірибе алмасып, жаңа идея-жобаларды жүзеге асыруы үшін орны айрықша екендігін атап көрсетті.

БҚО әкімінің бірінші орынбасары Арман Өтеғұловтың айтуынша, осындай жиындарда жаңа ой-идеялар туындап, шығармашылық ізденістерге жол ашылады. 2001 жылдан бері өткізіліп келе жатқан халықаралық Надиров оқулары ғылымдағы ықпалдастықтың қазіргі заманғы үлгісін қалыптастыруды көздейді. Әсіресе, мұнайгаз саласындағы ғылыми-техникалық, экологиялық мәселелерді шешу ерекше мәнге ие. Ғылым терең де қажырлы еңбек-ізденістерсіз алға басуы мүмкін емес. Сондықтан заман ағымына ілесу үшін ғылымға негізделген жаңа технологияларды енгізе білудің маңызы зор.

Орал қаласында осымен екінші рет ұйымдастырылып отырған форумға Қазақстанның өзге өңірлерінен, сондай-ақ Ресейдің көршілес облыстарынан ғалымдар келді. Олар екі күнге созылған жиын барысында пленарлық мәжіліс пен секциялық отырыстарда өз ой-толғамдарымен бөлісіп, тың ұсыныс-пікірлерін ортаға салды.

Надиров оқулары кезінде батысқазақстандық кәсіпкер-ғалым, ҚР Ұлттық инженерлік академиясы БҚО филиалының төрағасы, "ҚазИИТУ" ғылыми-білім кешенінің президенті, техника ғылымдарының кандидаты, облыстық мәслихаттың депутаты Ақсерік Әйтімовке аталмыш академияның алтын медалі табыс етілді.

 

 



Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!