Баян Есентаева оңтүстікке барып, "шымкентский" сәлем салды

Фотография - Баян Есентаева оңтүстікке барып, "шымкентский" сәлем салды

Еліміздің ең беделді продюсері Баян Есентаева 18 қазан күні Шымкент қаласында шәкірттерімен бірге үлкен концерт берді.

3088 0

Продюсер кешке жиналғандар алдына шығып, көрермендерге алғысын жаудырып, “шымкентский” сәлем салды, деп хабарлайды nur.kz

Концертте “Кешью” тобы, Ерке Есмахан, “Лашын” дуэті жанды дауыспен ән шырқаса, Нұржан Тәжікенов домбырасымен күй шертіп, тыңдармандардың ықыласына бөленді. Тіпті Бағым Мұхитденова да сахнада ән салып, өнер көрсетті. “Көп рахмет. Біздің жұмысымыз сіздер үшін. Сізге мен бір сәлем “шымкентский” салайын”, – деп халық алдында иілді Есентаева.

Қазақша сөйлеуге шорқақ продюсер осы кемшілігі үшін тыңдармандар тарапынан талай рет сынға ұшыраған болатын. Ана тілін үйренуге білек сыбана кіріскен Есентаева көпшілікке “Қазақшам қалай?” деп сауал тастады.  


Продюсердің ынтасын байқаған халық та мәз-мейрам болып, қошемет көрсетті.




Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!