Атырауда халықаралық театр фестивалі өтеді

Фотография - Атырауда халықаралық театр фестивалі өтеді

26-31 қазан аралығында Атырау қаласында жазушы-драматург Рахымжан Отарбаевтың халықаралық театр фестивалі өтеді.

1191 0

Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, халықаралық Шыңғыс Айтматов сыйлығының лауреаты, көрнекті жазушы Рахымжан Отарбаевтың әр жылдары "Шер", "Жұлдыздар құлаған жер", "Жайық жыры", "Қараша қаздар қайтқанда", "Дауысыңды естідім", "Отверженный мир" атты прозалық жинақтары және таңдамалы шығармаларының 2 томдығы жарық көрген. Қытайдың "Ұлттар" баспасынан қытай, қазақ тілінде 2 томдығы, Ресейдің "Художественная литература" баспасынан орыс тілінде бір томдығы және қырғыз тілінде кітаптары жарық көрген. Жекелеген шығармалары түрік, араб, ағылшын тілдерінде басылған. "Бейбарыс сұлтан", "Бас", "Нашақор жайлы новелла", "Нұр жауған ғұмыр", "Сырым батыр", "Мұстафа Шоқай" сынды пьесалары республикалық және шетел театрларында сахналанған.

Елордадағы Қ.Қуанышбаев атындағы мемлекеттік академиялық қазақ музыкалық драма театрының («Қаллеки» театры) ұжымы аталған театр фестиваліне қатысады, деп хабарлайды kazaitys.kz.



Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!