"Қазақстан" телеарнасы қарашада көрермендерін жаңа отандық өніммен қуантады

Фотография - "Қазақстан" телеарнасы қарашада көрермендерін жаңа отандық өніммен қуантады

Хикаяның басты кейіпкерлері жаңа ғылыми жобаны ашуға ұмтылған төрт дос жайлы

1409 0

"Қазақстан" телеарнасы көрермендерін осы жылдың қараша айында жаңа отандық өніммен қуантады. Осы жолы телекөрермендердің назарына  32 сериялық "Таңдау" көркем телехикаясы ұсынылады.

Бұл туралы "Қазақстан" РТРК» АҚ баспасөз қызметі хабарлады.  

Хикаяның басты кейіпкерлері жаңа ғылыми жобаны ашуға ұмтылған төрт дос жайлы. Кейіпкерлер арқылы нағыз достықтың үлгісі көрсетіледі. Шетелден келіп түскен көптеген ұсыныстарға қарамастан, олар өз үлестерін туған елдің дамуына қосуды көздейді. Көптеген қиындықтарды бастан өткергеннен кейін, мемлекеттен қолдау алудан үміт үзіп, инвестицияларды жан-жақтан іздей бастайды. Телехикая аяқталар тұста отандық IT компанияның басшылығынан көмек сұраған кезде ғана елімізде өз ісін дамытудың барлық шарттары мен бірдей мүмкіндіктері жасалғанын біледі.

"Таңдау" хикаясының драмалық сюжетінде, ең алдымен, қазақстандықтардың зияткерлік ұлт екені көрсетіледі.

Аталған телехикая отансүйгіштіктің негізін қалыптастыруды сипаттап,  өскелең ұрпаққа өз мемлекетінің дамуына білімдері мен үлестерін қосу мақтанарлық жайт екенін түсіндіреді.

Хикая режиссері Айдын Сахаманов ("Қара шаңырақ", "Тағдыр", "Вопреки всему", "Подружки" және т.б. телехикаялардың режиссері), сценарий авторы - Ләззат Түлкібаева.

Картинаға Әбілмансұр Серіков, Әшім Ахметов, Еслям Нұртазин, Бақтияр Байсерік, Арай Рахмет, Гүлбаһрам Байбосынова, Бақтияр Қожа, Күлжамал Қазақбаева және тағы басқа танымал актерлер қатысады.

Осы жылдың қараша айында еліміздің дамуына өз үлестерін қосуға әзір, жаңаша ойлаудың иелері туралы драманы "Қазақстан" телеарнасынан жіберіп алмаңыздар. 



Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!