Астанада этно-мәдени бірлестіктердің есеп беру концерті өтеді

Фотография - Астанада этно-мәдени бірлестіктердің есеп беру концерті өтеді

Шара аясында этно-мәдени бірлестіктер шығармашылық көріністер қояды.

426 0

Ертең, 23 қазанда, сағат 19:00-де "Жастар" сарайында "Чен РЮ" халық вокал ансамблі  мен "Станичники" казактар  хорының  есеп беру концерті өтеді.
Аталмыш шараның ұйымдастырушылары: Қазақстан халқы Ассамблеясының Астана қалалық бөлімшесі мен  Астана қаласы әкімдігінің жанындағы "Қоғамдық келісім" КММ.
Шараның басты мақсаты – ұлттардың өз тіліндегі өнеріне қолдау көрсету, ұлт мәдениеттеріне тағзым ету, қазақстандықтардың арасындағы достықты нығайту және өскелең ұрпақты толеранттылық рухында тәрбиелеу болып табылады.
Шара аясында этно-мәдени бірлестіктер шығармашылық көріністер қояды. Атап айтқанда, хор, вокалды топтар өнері, жеке ән айту, ұлттық аспаптар ансамблі, хореография және мемлекеттік тілде қойылған көріністер ұсынылады.


astana.gov.kz


Тегтер:

Астана

Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!