Қазақтың батыр қызы Әлия Молдағұлованың туғанына 90 жыл

Фотография - Қазақтың батыр қызы Әлия Молдағұлованың туғанына 90 жыл

үгін қазақтың мерген қызы, Кеңес Одағының батыры Әлия Молдағұлованың туғанына тоқсан жыл толды

474 0

Бүгін қазақтың мерген қызы, Кеңес Одағының батыры Әлия Молдағұлованың туғанына тоқсан жыл толды.
Тура тоқсан жыл бұрын, 1925 жылдың 25 қазанында Ақтөбе облысындағы шалғай ауыл - Қобда ауданының Бұлақ ауылында дүниеге Әлиядай батыр қыз дүниеге келеді. Әлияның анасы оның төрт жасында аштықтан қаза табады. 

Байдың ұрпағы деген сылтаумен қуғынға түскен болуы керек, Әлияны әкесі інісінің тәрбиесіне беріп, өзі тығылуға мәжбүр болады. Әлияны асыруына алған ағасы Әубәкір Молдағұлов қарындасының он жасында Әскери-көлік академиясына оқуға түскендіктен, Мәскеуге көшеді. Бірнеше жылдан кейін Академия Ленинград қаласына ауыстырылған соң, Молдағұловтар отбасына Ленинградқа барады. Сол кезде 14 жастағы Әлия мектеп-интернатта орналасады.

Неміс басқыншылары іргеден бомба жаудырған 1941 жылдың маусымында Әлия тәрбиеленіп жатқан отбасы эвакуациямен көшіріледі, бірақ, Әлия Ленинградта қалады. Осы жылдың қыркүйегінде немістер Ленинградты қоршауға алғанда Әлия балалар үйінің қалған тәрбиеленушілерімен Ярослав ауданындағы бір ауыла көшіріледі.

Сол ауылда 7-сыныпты бітірген соң Әлия авиация техникумына оқуға түседі. Албырт қыздың арманы - әуеде самғау еді...Бірақ, «меттал өңдеу» мамандығына түскен соң, Әлия үш айдан соң өзі соғысқа сұрана бастайды. Тарихи құжаттарға қарасақ, 1942 жылдың 21 желтоқсанында «фронтқа аттанған Әлия Молдағұлова техникумнан оқуға шығарылды» деген деректі көз шалады. 1943 жылдың ақпанында арнайы дайындық курсынан өткен Әлия әскери Ант қабылдап, 1943 жылдың шілдесінде снайпер ретінде соғысқа шығады. Мерген қыздың оғы жаудың жүзден аса әскерін өлтірген.

1944 жылдың қаһарлы қаңтарында (14 қаңтар) 19 жастағы қыз қанды шайқастардың бірінде «Отан үшін алға!» деген ұранмен тұтастай бір дивизияға рух берген мерген қыз ерлікпен жан тапсырады. 1944 жылы маусымда Әлия Молдағұловаға Кеңес Одағының Батыры атағы беріледі.

Ақтөбе, Астана, Алматы, Мәскеу, Санкт-Петербор қалаларында батыр қыздың ескерткіші бой көтерген. Бұдан өзге, еліміз бен кеңестер одағына кірген елдерде ондаған көшеге, мектептер мен кемелерге батыр Әлияның аты берілген.


ҚазАқпарат



Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!