Балғынбек Имашев: "Айтыстан капитан шенінде отставкаға кетіп барамын"

Фотография - Балғынбек Имашев: "Айтыстан капитан шенінде отставкаға кетіп барамын"

Былтырғы жылы "Алтын домбыраның" иесі атанған айтыскер ақын Балғынбек Имашев жақында айтыстан кететінін мәлімдеген еді.

1874 0

Осыған байланысты ақын әлеуметтік желідегі парақшасында айтыссүйер ағайынға алғыстан басқа айтары жоқ екенін айтты. 

– Айтыстан капитан шенінде отставкаға кетіп барамын. Мұхамеджан, Мэлстер майор кезінде кетті. Есенқұлдар қараөлеңнің «қатардағы жауынгерімін» десе де атағы генералдармен шендес еді-ау. Кешегі сұрапыл соғыс кезінде Алматыда өткен айтысты «Алатаудан, Арқадан ақындарым келіпсің», – деп арнау жырымен ашып берген 98 жастағы Жамбыл Жәкем айтыс деген әлемнің Армия генералдары еді ғой. Айтыссүйер ағайынға алғыстан басқа айтарым жоқ. Айтыс қазаққа ғана тән төл өнеріміз, оны төмендетпей туын желбірете беретін іні-қарындастарыма бек сенемін, – дейді Балғынбек Имашев.

Біз сүннет деп өсірдік, 

Иектегі сақалды.

Тілге шешен жас ұрпақ. 

Толтыруда қатарды.

Үміт еткен достарым,

Сендерге бердім батамды!

Айта кетейік, ақын бұл шешімін 21 қазанда Алматы облысының орталығы Талдықорған қаласында өткен XIX ғасырдағы Жетісу ақындарының алтын діңгегі, айтыскер ақын Сүйінбай Аронұлының 200 жылдық мерейтойына арналған халықаралық ақындар айтысы кезінде айтқан болатын.

Айнұр Тұрсынбаевамен айтысы кезінде ақын әйгілі "Той жыры" әнінің мақамына салып, өз ойын былай аяқтады.

Зейнерткерлік тәтті күндер, тәтті күндер!

Бұл айтысқа шат күліндер, шат күліндер.

Осымен мен кетемін пенсияға,

Балғынбектің соңғы айтысы деп біліндер, - деп қайырған болатын. 



Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!