Қазақстан кино нарығының қазіргі жағдайы

Фотография - Қазақстан кино нарығының қазіргі жағдайы

2014 жылы отандық режиссерлер 347 киноны жарыққа шығарды.

1307 0

Еліміздің кинотеатрларында жылына жарты миллионнан аса кино көрсетіледі.

Алайда оның тек 8 пайызы ғана – отандық өнім. Елімізде кино көруге құмар жандар жыл санап өсуде. Статистикаға сүйенсек, өткен жылы 12 млн-нан аса адам кинотеатрға барған. Жалпы Қазақстанда фильм түсірумен 31 киностудия айналысады. Былтыр отандық режиссерлер 347 киноны жарыққа шығарды. Олардың басым бөлігі – қысқаметражды фильмдер. 11 көркем туынды және 67 деректі фильм көрермен назарына ұсынылды. "24.kz"-тің Инстаграмдағы ресми парақшасында киносүйер қауымнан елімізде түсірілген қандай төл туындыны білесіз?» деген сауал қойылған. Бірақ жауап көңіл көншітпеді. Халық арасында кең танылған 2-3 шығарма ғана аталды. Мамандар бар мәселе жарнаманың жоқтығында деп отыр.

Андрей Мануйлов, "Сhaplin cinema" кинотеатрлар желісінің PR-менеджері: - Мұнда қазақстандық киноларды кемсітіп, төмендету деген жоқ. Егер Голливудта түсірілген туындының көпшілік көңілінен шығатынына күмән келтірсек, онда оған о баста көп үміт артпаймыз. Сәйкесінше, оған бөлінетін сеанстың саны да аз болады. Сондықтан киноның қайдан екені маңызды емес. Бұл ереже Америка, Ресей, Еуропа мен Қазақстанға ортақ. Асқар Бисембиннің комедиясы «кассалық кино» болды деп айтуға толық негіз бар. Премьераны халыққа паш етудің алдында тың туынды жан-жақты жарнамаланды. Нәтижесінде фильм өз-өзін ақтап, оған жұмсалған 300 мың доллардың орны толды. Алайда киноиндустрияда толағай табысқа жету жеңіл емес деп отыр мамандар.

Асқар Бисембин, режиссёр: - Көпке топырақ шашпаймын. Бірақ бұл салада бақылау жоқ. Сондықтан киноны қадағалайтын арнайы заң керек. Сонда отандық өндірушінің құқығы мен міндеті айқындала түседі. Әйтпесе бюджеті миллионды құрайтын, танымал актерлар ойнайтын батыстық киноларды біздің қазақстандық туындылар басып оза алмасы хақ. Киноға қатаң бақылау керектігін Мәдениет және спорт министрі Арыстанбек Мұхамедиұлы да ұдайы айтып келеді. Бүгінде министрлік туындыны жалға алуға рұқсат берумен ғана шектеледі. Қаржы мәселесіне араласпайды. Бұл саладағы түйіткілдерді шешу үшін аталған ведомство арнайы заң әзірлеуді көздеп отыр. Алайда құжаттың қашан дайын болатыны әзірге белгісіз.



Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!