Қазақстанда ''Айтыс алаңы'' атты жаңа жоба түсірілуде

Фотография - Қазақстанда ''Айтыс алаңы'' атты жаңа жоба түсірілуде

Фото: ©Ақлез Кәдірбекова

Бұл айтыс бұрыңғы айтыстардан өзгерек.

1726 0

Ауыз әдеиетінде ежелден қалыптасқан поэзиялық жанр, топ алдында қолма-қол суырып салып айтылатын сөз сайысы, жыр жарысы. Бұл қазақ айтысының бұрыннан келе жатқан анықтамасы. Қазіргі айтыстың ерекшелігі неде? Замманның ағымына қарай айтысқа да өзгертулер енді ме? Жас буынның айтыстағы деңгейі қандай? Осы сұрақтарға жауап іздеу мақсатында Today.kz сайтының тілшісі "Айтыс алаңы" атты жаңа жобаның түсірілімін көріп қайтқан болатын.

"Айтыс алаңы" бағдарламасы 31 арнада 12 қыркүйекте басталған. Қазақстанның Шығысы мен Батысынан, Солтүстігі мен оңтүстігінен елге танымал, аузы дуалы 12 ақын қатысуда. Олардың қатарында елге танымал Ринат Заитов, Рүстем Қайыртай, және де жас ақын Ершат Қайболдин және т.б. қазір бабында жүрген ақындар бар. Айтыстың жанашыры, белгілі ақын Жүрсін Ерман жобада төрешілік етіп келеді екен. Сонымен қатар Алтынбек Қоразбаев пен Бауыржан Жақып сияқты ел ағаларыда осы жобада төрелік етуде. Аталмыш жоба ережесіз жекпе-жек тәртібіне ұқсас болғандықтан көптеген спорттық шараларда жүргізушілік етіп жүрген танымал актер Болат Әбділманов осы шоудың тізгінін ұстады.

Арнаның атқарушы продюссері Әсел Тоянованың айтуынша, бұл жоба бұрыңғы жобалардан өзгерек. Себебі: айтыскер ақындар бір жағынан қазіргі заманның тақырыптары, өзекті мәселелері жайында белгілі бір ережелер арқылы сайысатын болса, екінші бір ерекшелігі жобада жекпе-жек алаңындағыдай рингке шығып, бірнеше раундтардан тұратын сайыстардан өтуі тиіс. Шынында да жүргізушіліктің хас шебері Болат Әбділмановтың ақындарды айтыс алаңына шақырған кезде, құдды бір Лас-Вегастағы қаласында өтетін спорттық жарыстарда отырғандай әсер қалдырады. 

Ұйымдастырушылардың айтуынша, бұл жоба шамамен екі ай мерзімге есептелгендіктен ең қиыны ақындарды бір жерге жинау болған. Себебі әр өңірден келген ақындардың басын қосып, олардың бағдарламасымен осы жобаны сәйкестендіру үшін біраз жұмыстар жасалған. Жалпы іс-шараға шамамен он миллиондай қаражат жұмсалған. "Айтыс алаңы" жобасы үздік шыққан ақындарға жалпы қоры 2 миллион теңге көлемінде сыйақы береді.

Бағдарлама екі бөлімнен тұрады: 

Бірінші бөлім – "Тақырыптық айтыс". 

Екінші бөлім – "Пародиялық айтыс".  

Жартылай финалда "Келін мен ене", "Қазіргі сериалдар" тақырыбын қозғаса, айтыстың екінші бөлімі, яғни пародиялық айтыста Кәрім Мәсімов пен Иманғали Тасмағамбетов, Мейрамбек Беспаев пен МС Сайлаубектің атынан жыр толғайды. Ал осы екі айтыстан үздік шыққан қос айтыскер бірден финалға шығады. Ақтық сында "Қазақ хандығының 550 жылдығын" сөз етсе, пародияда Әбілқайыр хан мен Кенесары боп айтысады. 

Жобаны сәтті шыққан проект деп айтуға болады, себебі осы "Айтыс алаңында" жастарға керегі шоу мен әзілдер де бар және айтысты аңсап күтетін аға буынмен апаларымыз, ата-әжелерімізде өз керегін осы жобадан таба алады.



 


 




Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!