Британияда Диснейдің жоғалып кеткен мультфильмі табылды

Фотография - Британияда Диснейдің жоғалып кеткен мультфильмі табылды

Британ мұрағатында соңғы 90 жыл бойы жоғалып кетті деп саналған Уолт Диснейдің мультфильмі табылды

263 0

Британ мұрағатында соңғы 90 жыл бойы жоғалып кетті деп саналған Уолт Диснейдің мультфильмі табылды, деп хабарлайды ВВС.

 Алты минуттың ақ-қарат түсті лента 1928 жылы түсірілген. Оның басты кейіпкері – атақты мультипликатор ойлап тапқан ең алғашқы анимациялық персонаж қоян Освальд.

Дисей студиясынан хабарлағандай, пленка жөндеу жұмыстарынан өтіп, желтоқсан айында алғаш рет көрермен назарына ұсынылатын болады.

Жолы болғыш Освальд есімді қоянның образын Уолт Дисней Аб Айверскпен бірге 1927 жылы ойлап тапқан еді. Ал ол туралы тұңғыш мультфильм тек бір жылдан кейін шықты.

Мамандардың айтуынша, Освальд есімді қоян Микки-Маустың бастапқы образы болып табылады. Серіктестерімен сөзге келісіп қалғанна кейін Уолт Дисней қоянды жайына қалдырып, жеке мультфильмін жасауға кіріскен.  



Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!