Екатерина Шелякова өзіне қарсы пікір білдіргендерге жауап қайтарды

Фотография - Екатерина Шелякова өзіне қарсы пікір білдіргендерге жауап қайтарды

Екатеринаның өзі келмесе де, бағдарлама түсірілетін болғандықтан, келуге мәжбүр болғанын айтады.

639 0

Өткен аптада Батырхан Шүкеновтың баласы Мақсұт пен анасы Екатерина Шелякованың ресейлік "Пусть говорят" бағдарламасына қатысқан болатын.  Бағдарлама эфирге шыққан соң, онда айтылған әңгімелерге қатысты кереғар пікірлер көптеп жарияланды.  Олардың қатарында Батырхан Шүкенов атындағы қордың директоры Олжас Байқанов пен психолог әрі нумеролог маман Клара Күзденбаева да бар.

Vlast.kz сайтында Екатерина Шелякованың өзіне қатысты айтылған пікірлерге өзіндік жауап қайтарды. Оның айтуы бойынша, Батырхан Шүкеновтың  Мәскеудегі  директоры Руслан Екатеринаға хабарласып, Шүкенов туралы хабар түсіретіндігін айтқан. Сөздің растығын білу үшін бағдарлама продюсері Наташаға звондап, продюсер оның жағдайын сұрағанда, қайда барарын білмей досының  1 бөлмелі пәтерінде тұрып жатқандығын айтқан. Продюсер сол арада камера мен журналист жіберіп, көшкен кездерін түсіріп алған.  Екатеринаның өзі келмесе де, бағдарлама түсірілетін болғандықтан, келуге мәжбүр болғанын айтады. Қазақстандық меценаттардан қаржы сұрағаны туралы Екатерина Шелякова былай деді: "Мен тележұлдыз емеспін. Бағдарлама жүргізушісі Андрей келіп, "мүмкіндігін болып тұрғандықтан көмек сұра. Мүмкін біреу-міреу табылып қалар"-деді. Мен неге қарсы болайын деп ойладым".

Америкада тұрып жатқан үйлері туралы "Қайталап айтайын, үй керемет, оны Батырдың өзі жобалады.  Біз скайппен барлығын келісіп жасадық, қабырға түсінен бастап жиһаздарға дейін. Ол үйді басқа адам өз атыңа жазып, өзіңе алсын. Тек Мақсұтқа сол үйде төрт жыл тұрып, сонда оқуын аяқтауға мұрсат беріңдер. Мен басқа ешнәрсе сұрамаймын"- деді. Ал Мақсұттың Андрей Малаховқа көмек сұрап жіберген видеосы туралы сұраққа ол идея бағдарлама шеф-редакторға тиесілі екендігін айтып, үш күннен соң ғана келісімін беріп, түсіргендігін айтты. Сөз соңында, көмектесе алмаған жандар тым болмаса таспен атпауын сұрады.

baistars.kz



Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!