"Turkvizyon-2015" байқауына Қазақстаннан баратын конкурсант анықталады

Фотография - "Turkvizyon-2015" байқауына Қазақстаннан баратын конкурсант анықталады

Астанада "Turkvizyon-2015" байқауында ел намысын қорғайтын өнерпаз анықталады.

290 0

Астанада "Turkvizyon-2015" байқауында ел намысын қорғайтын өнерпаз анықталады.

Ұлттық іріктеуге ең мықты деген 19 орындаушы қатысады. Байқаудың ұйымдастырушылары бүгін баспасөз мәслихатын өткізіп, журналистердің сауалдарына жауап берді. Қазақстан халықаралық түркітілді ән байқауына үшінші жыл қатарынан қатысуда. Өткен жылғы дода қазақстандықтар үшін олжалы болды. Әнші Жанар Дұғалова топ жарып, бас жүлдені иеленгені есімізде. Түркі елдерінен 24 мемлекет қатысатын өнер сайысы биыл желтоқсан айының ортасында Ыстамбұл қаласында өтеді. Жыл сайынғы дәстүр бойынша, байқаудың ақпараттық демеушісі – "Хабар" агенттігі.

Ринат Кертаев,"Хабар" агенттігі АҚ бас продюсері: - Барлық көрермен бей-жай қалмай, "Хабар" арнасын қосып, жұма күні кешкі сағат 17:45-те бір жағынан өзінің әншісіне, өзінің өнерпазына смс арқылы дауыс беруге, бір жағынан қазақ елінің үмітін ақтайтын, еліміздің атынан баратын әншіге жанкүйер болуға шақырамыз.

24.kz


Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!