Белгілі дизайнер Жадо жол апатына түсіп қалды

Фотография - Белгілі дизайнер Жадо жол апатына түсіп қалды

Танымал дизайнер Жадо Қарағандыдан 200 км қашықтықта жол апатына ұшырады

710 0

Танымал дизайнер Жадо Қарағандыдан 200 км қашықтықта жол апатына ұшырады, деп хабарлайды Жадоның директоры Ринат Тәттібай. 

"Жадо 5 қараша күні таңғы төрттер шамасында апатқа ұшырады. Көлікті дизайнердің жүргізушісі айдаған. Қарағандыға жетпей 200 шақырым жерде автокөлікті КамАЗ соғып кеткен. Жүргізуші оқиға орнынан бой тасалап үлгеріпті. Абырой болғанда, дизайнер де, жүргізуші де аман, ауыр жарақат алған жоқ. Өткен-кеткендерден көмек сұрағанымен, ешкім тоқтай қоймаған. Әйтеуір бір ер адам оларға қол ұшын созып, Астанаға жеткізген", - деп баяндады істің мән-жайын Ринат Тәттібай.


BNews.kz





Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!