Т.Бекмамбетовтың "Шыршалар" фильмі алты елде түсіріледі

Фотография - Т.Бекмамбетовтың "Шыршалар" фильмі алты елде түсіріледі

Әзірге түсірілім алаңы Германия, Оңтүстік Корея және Мексикада болатыны анықталды

283 0

Қазақстандық танымал режиссер әрі продюсер Тимур Бекмамбетовтің жаңа жылдық дәстүрге айналған "Елки" ("Шыршалар") фильмінің келесі бөлімі алты елде түсіріледі деп жоспарлануда.

"Жыл сайын көрсетілетін бұл фильм көрермендердің көзайымына айналған. Бұл жобаның басты ерекшелігі – әртүрлі ұлттың талғамына сай келуінде. Сондықтан келесі бөлімді алты түрлі елде түсіруді жөн көріп отырмыз", - дейді Т.Бекмамбетов.

Әзірге түсірілім алаңы Германия, Оңтүстік Корея және Мексикада болатыны анықталды. Аталған туынды 6 оқиғаның басын құрайтын болады. Әр елдің оқиғасы өз тілінде түсіріліп, кейін дыбысталады.

Айта кетейік, жаңа фильм әдеттегі Жаңа жыл мерекесі қарсаңындағы қызықты оқиғаларды баяндап, халыққа көтеріңкі көңіл-күй сыйламақ, деп жазды baq.kz.



Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!