"Turkvizyon-2015" байқауында Қазақстан намысын "Орда" тобы қорғайды

Фотография - "Turkvizyon-2015" байқауында Қазақстан намысын "Орда" тобы қорғайды

Өткен маусымда ел намысын аталмыш додада Жанар Дұғалова қорғап жеңімпаз атанған болатын.

1148 0

Стамбұлда өтетін халықаралық "Turkivizion-2015" байқауында Қазақстан намысын "Орда" тобы қорғайтын болды, деп жазды baq.kz.

Астана қаласындағы Бейбітшілік және келісім сарайында өткен ұлттық іріктеуде "Орда" тобы жеңіске жетті.  

Айта кетейік, биылғы іріктеуге Ардақ Алекешов, Альбина Оганесян, Азамат Бекбергенов, «Арай» тобы, AIBOO, Бауыржан Ретбаев, Бейбіт Көшқалиев, Гүлмира Жұмабекова, Диас Аблаев, Ерген Айтымбетов, "Индиго" тобы, Қамар сұлу, Мархаба Сәби, "Орда" тобы, Райым Уайыс, Руслан Бердиматов, Рүстем Жүгінісов, "Сарын" тобы және Ханайым қатысты.

Ал қазылар алқасының құрамында Болат Мажағұлов, Жанар Дұғалова, Арман Дүйсенов, Ренат Гайсин, Қалқаман Сарин, Ринат Думанұлы болды.


Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!