"Қазақ елі" тарихи телехикаясы наурыз айында көрерменге жол тартпақ

Фотография - "Қазақ елі" тарихи телехикаясы наурыз айында көрерменге жол тартпақ

Фото: www.qazaqeli550.kz

Тамыз айында басталған түсірілім жұмыстары бүгінде Алматы облысы Ұйғыр ауданына қарасты Шошанай ауылында жүріп жатыр.

628 0

Қазақ хандығының 550 жылдық мерекесіне орай түсіріліп жатқан "Қазақ елі" тарихи телехикаясының тұсаукесері 2016 жылдың наурызына шегерілді.

Тамыз айында басталған түсірілім жұмыстары бүгінде Алматы облысы Ұйғыр ауданына қарасты Шошанай ауылында жүріп жатыр. Қысқа дейін еліміздің әсем табиғатын түсіру жұмыстары болады деп жоспарлануда. Ал, қыс мезгілінде түсірілім тобы "Қазақфильм" киностудиясының жабық павильондарында сарайдың ішкі көріністерін түсіруге көшеді. Басты рөлдерді танымал актерлер сомдайды. Олардың қатарында Жәнібекті Еркебұлан Дайыров, Керей ханның рөлін Қайрат Кемалов сомдайды. Сондай-ақ, Шайбаншахты Досхан Жолжақсынов, Қазтуған жыраудың рөлін Бекболат Тілеуханов алып шықпақ. Фильмнің режиссері Рүстем Әбдірашевтің айтуынша, бүгінде түсірілім жұмыстарының 40 пайызы біткен. Ендеше, қазақ хандығының тарихын түсіріп жатқан ұжымға сәттілік тілейміз.




baistars.kz


Тегтер:

кино

Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!