Алматыда "Аманат" киноклубы ашылды

Фотография - Алматыда "Аманат" киноклубы ашылды

Аталмыш киноклубтың мақсаты – отандық фильмдерді насихаттау және беделін арттыру болып табылады.

418 0

Жақын күндері ҚР Білім және ғылым министрлігі, Ғылым комитетінің жанындағы "Ғылым ордасы" республикалық мемлекеттік кәсіпорнында Ш. Айманов атындағы "Қазақфильм" АҚ-ның бастамасымен "Аманат" киноклубының салтанатты ашылуы болып өтті. Бұл туралы baq.kz хабарлайды.

Аталмыш киноклубтың мақсаты – отандық фильмдерді насихаттау және беделін арттыру болып табылады. Бұл ретте кинкоклуб көркем және деректі фильмдерді тұрақты түрде көрермен назарына ұсынып, шығармашылық топппен кездесулер ұйымдастырып тұруды көздейді.

Киноклубтың тұсаукесерінде көрермен назарына "Аманат" көркем фильмі ұсынылды. Бұл картина дарынды тұлға, атақты ғалым, "XIX ғасырдың 20-40-жылдарындағы Қазақстан" кітабы үшін Қазақстан және Орта Азия елдерінде тұңғыш рет тарих ғылымдарының докторы атағына ие болған Ермұқан Бекмахановтың тағдырынан сыр шертеді. Фильмнің таныстырылымына режиссер Сатыбалды Нарымбетов, сонымен қатар басты рөлдерде ойнаған актерлер: Қарлығаш Мұхамеджанова, Әзиз Бейшенәлиев және Санжар Мәдиевтер қатысты.

- Мен "Аманат" киноклубының тұсаукесеріне куә болғанымды және де киноклубтың біздің картинамызбен аттас болғанын мақтан тұтамын. Ермұқан Бекмахановтың тағдыры – бұл патриотизмнің биік шыңы, отанды сүйе білудің лайықты көрінісі. Қазақ ғылымындағы осы ерекше құбылысты көрерменге көркем түрде жеткізу үшін біздің түсіру топ 5 жыл аянбай еңбек етті,-деп режиссер Сатыбалды Нарымбетов жүрекжарды пікірін білдірді.

"Аманат" киноклубының ашылу салтанатына КСРО Халық әртісі Асанәлі Әшімов, "Ғылым ордасы" РМК-ның бас директоры Роза Кәрібжанова, Ермұқан Бекмахановтың жұбайы Халима Бекмаханова мен ғалымның ұл-қыздары, "Қазақфильм" киностудиясының өкілдері және белгілі қоғам және өнер қайраткерлері қатысты.

Айта кетейік, "Аманат" киноклубында әр айда бір рет басқосу жоспарлануда. Бұл жиындарда Ш. Айманов атындағы "Қазақфильм" АҚ-ның соңғы жылдардағы түсірген фильмдері және жаңа картиналар көрермен көзайымына айналмақ.


Тегтер:

Қазақфильм

Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!