Несіпбек Айтұлы: Аталы сөз айтатын адамдар экранға шығудан қалды

Фотография - Несіпбек Айтұлы: Аталы сөз айтатын адамдар экранға шығудан қалды

Аталы сөз айтатын адамдар экранға шығудан қалып бара жатыр

181 0

Аталы сөз айтатын адамдар экранға шығудан қалып бара жатыр. Бұл туралы "Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастырудағы азаматтық қоғамның рөлі" тақырыбында өткен ОКҚ баспасөз мәслихатында Қазақстан Жазушылар одағының мүшесі, ақын Несіпбек Айтұлы мәлімдеді.

"Сыбайлас жемқорлыққа қарсы болсын, жалпы тәрбие мәселесіне келетін болсақ, ақпарат құралдарының, әсіресе, телевизияның рөлі өте зор. Кеңес үкіметі кезіндегідей салмақты ойлар айтылатын, халық ғибрат, үлгі алатын салиқалы бағдарламалар өкінішке орай азайып барады. Қазір біздің телеарналарда жеңіл әзіл-ысқақ, бос сөз, арзан күлкі көп. Айналып келіп, қазақтың шалы мен кемпірін мазақтаудан аса алмайтыны өкінішті", - дейді Н.Айтұлы.

Ақынның айтуынша, бүгінгі таңда қоғам қайраткерлері, жазушылар, ақындар, басқа өнер қайраткерлері, ақсақалдар, аталы сөз айтатын адамдар экранға шықпай жүр.

"Оларға қоғамға шығу, халықпен жүздесуі үшін ақпарат құралдарынан кең жол ашылуы қажет деп ойлаймын. Телевизия саласындағылардың көбісі қазақша дұрыс сөйлей алмайды. Қаптаған сериалдардан гөрі сыбайлас жемқорлық болсын басқа да осындай келелі мәселелерге көңіл бөлетін салмақты, терең ойлы, бүкіл қоғам, халық болып тыңдайтын үлкен бағдарламалар керек деп ойлаймын", - дейді Қазақстан Жазушылар одағының мүшесі.


 BNews.kz



Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!