Әлия Назарбаева "Қазақ елі" фильміне түсуден бас тартты

Фотография - Әлия Назарбаева "Қазақ елі" фильміне түсуден бас тартты

ҚР Мәдениет және спорт министрлігінде Әлия Назарбаеваның Қазақ хандығы туралы фильмге қатысуы жөнінде айтып берді

1342 0

Әлия Назарбаева "Қазақ елі" филіміне түспейді. Бұл туралы ОКҚ-да өткен брифинг барысында ҚР Мәдениет және спорт министрлігінің Мәдениет пен өнер істері департаментінің директоры Ақтоты Рымқұлова мәлімдеді, деп жазады Today.kz тілшісі.

"Фильмді түсірушілер осындай ұсыныс жасаған соң оның қызығушылық білдіргені бізді қуантты. Алайда, Алия Нұрсұлтанқызы әлеуметтік маңызды, өт беллсенді өмір кешуде және мәдени шараларды қолдауда. Бүгінде ол қаурыт жұмыста, ол ризашылығын білдіріп, өкінішке қарай фильмге қатыса алмайтынын жеткізді. Келесіде келісімін береді деген үміттеміз", - деді Ақтоты Рымқұлова

Естеріңізге салайық, мұның алдында Қазақстан президентінің кіші қызы Әлия Назарбаева Темірланның немересі Ұлықбектің қызы Бегім ханшайымды сомдайды деп хабарланған.

Жоба продюсері Арман Әсенов лентаның түсірілуіне екі миллиондай қаржы жиналғанын хабарлаған болатын.



Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!