Da Gudda Jazz рэп тобы Назарбаев қатысқан бейне жайында айтып

Фотография - Da Gudda Jazz рэп тобы Назарбаев қатысқан бейне жайында айтып

Топ мүшелері Ақорданың Facebook парақшасында жарияланған роликтердің жасалуы жайнда бөлісті

205 0

Осы аптада Ақорданың Facebook парақшасында Қазақстан президентінің қатысуымен екі ролик орналастырылды. Екі бейнеде де қазақстандық Da Gudda Jazz рэп тобының тректері ойналды. Today.kz тілшісіне берген эксклюзивті сұхбатында музыкалық ұжым бейнероликтің егжей-тегжейі туралы баяндады.

Белгілі болғандай, екі ролик те былтырғы жылы түсірілген екен.

"Нұрсұлтан Назарбаевтың қатысуымен роликтер топтамасын біз 2014 жылы Президент күніне орайластырып даярлап қойғанбыз. Оның үстіне, біз екі емес, мұндай жеті ролик түсіргенбіз. Олар бір жыл бойына еркін айналымда жүр, алайда Ақорданың баспасөз қызметі оған енді ғана назар аударды. Қалай болса да, бұлайша назар аударғандары бізге өте жағымды", - дейді Da Gudda Jazz тобының вокалисті Ренат Сайфутдинов (Tanir).

Рэперлердің айтуынша, бейнероликтерді даярлауға оларды Отанға және қазақстан халқына деген сүйіспеншілік итермеледі, ал идея табан асты келді.

"Біз бұл роликтерді пиар үшін емес, жан қалауымен, шын жүректен жасадық. Шынын айтқанда біз әлі тобымыздың бейнежинақтарға дейінгі және кейінгі танымалдылығымыздың айырмашылығын байқамадық. Адамдар біздің шығармашылығымызды ұнатады, үнемі қызығушылық танытады, ең бастысы осы", - дейді Da Gudda Jazz тобының мүшесі Олжас Нұртазин (Крайм Волшебник).

Естеріңізе салайық, аталып өткен роликтердің бірінде Нұрсұлтан Назарбаевтың спорт залында жаттығу жасап жатқан көрінісі, келесіде Президенттің десант жатығуына қатысуы бейнеленген. Пайдаланушылар қос роликте патриоттық рухты көтеретінін атап та үлгерді.



Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!