"Астана аруы–2015" байқауының тәжін 21 жасар Камила Темірова иеленді

Фотография - "Астана аруы–2015" байқауының тәжін 21 жасар Камила Темірова иеленді

Фото: ©Арман Мухатов

"Қазақстан аруы 2015" байқауына Астанадан төрт ару қатысады

2124 0

Қазақстанның елордасында "Астана аруы-2015" конкурсының финалы өтті. Тараз университеті заң факультетінің студенті Камила Темірова жеңімпаз атанды. Бану Қадырханова, Гауһар Жұмағатова және Виктория Алексеева вице-ару атанды.


"Астана-аруы-2015" байқауының бас жүлдесі мен үш орнын иеленген қыздар "Қазақстан аруы" жарысына жолдама алды. Айта кетерлігі, 2008 жылдан бері елорданың сұлуын таңдайтын жарыс цирк ғимаратында, әртүрлі сауда орындары мен қонақ үйлерде өткізіліп жүрді. Биыл қала әкімдігінің қолдауымен сұлулық жарысы Конгресс-холл сахнасында өтеді. Әдемі шоу ұйымдастыру үшін белгілі қоюшы режиссер Светлана Грабовскаяны шақырдық",-дейді осы байқауға орай өткен баспасөз мәслихатында "Астана аруы" конкурсының директоры Ольга Радеш.

Ал қоюшы режиссер Светлана Грабовскаяның айтуынша, ол қыздарды төрт  негізгі кезең бойынша сахнаға дайындап шығарған. "Қыздар конкурс ережесіне сай, төрт кезең бойынша сахнаға шықты. Алдымен өздерін таныстыру. 


Екінші кезеңде ұлттық әшекейлерді тағып шықты.


Үшінші кезең ерекше өтті.


Төртінші кезеңде қыздарымыз әдемі кешкі сән көйлектерін көрсетті.

Сахна сыртынан бір көрініс.


Жалпы, биыл "Астана аруы" конкурсының кастингіне 200 бойжеткен қатысқан. Соның ішінен іріктелген 20 бойжеткен күніне 7-8 сағаттан, үш апта бойы тынымсыз дайындалып жатыр екен.





Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!