Қазақстандық сәнгер ашық-шашық киінетін жұлдыздарға тіл тигізбеуді сұрады

Фотография - Қазақстандық сәнгер ашық-шашық киінетін жұлдыздарға тіл тигізбеуді сұрады

Отандық әртістерді киіндіріп жүрген Сәкен Жақсыбаев жұлдыздардың стилі жайында пікірін айтты.

3520 0

Соңғы кездері отандық әншілер батыстық әріптестеріне қатты еліктеп, халық алдына ашық-шашық киім киюді сәнге айналдырды. Тіпті жанкүйерлердің өткір сынына қалып жатқан әртістер алған беттерінен қайтар емес.

Ал кейбір өнер жұлдыздары әлі де әдемі киінудің қыр-сырын толық меңгермеген әсер қалдырады. Танымал қазақстандық дизайнер Сәкен Жақсыбаев отандық жұлдыздардың ашық-шашық киіміне мүлдем қарсы емес екен. Бұл туралы және өзге де ойларымен сәнгер nur.kz сайтына берген сұхбатында айтты.

2011 жылы ZhSaken брендінің негізін қалаған Сәкен Жақсыбаевты бүгінгі күні танымайтын сәнқой жоқ. Ол киімдерін тігуде барқыт, жібек, шілтер және шифон маталарын жиі қолданады. Оның барлық киімдері сапалы әрі бағасы қолжетімді.

Отандық әртістерден Әсел Сағатованы, Баян Есентаеваны, Жәмилә Серкебаеваны, Айгүл Мүкейді, әнші Лидоны, “Лашын” тобын киіндіріп жүрген Сәкен Жақсыбаев жұлдыздардың стилі  жайында пікірін айтты.

группа FM

“Олар әртіс болғандықтан, халықтың алдына шығып өнер көрсетеді. Тер төгеді. Ауылдағылар секілді орамал тағып жүруі керек пе? Мен ғаламторда отырып алып сынайтындарды түсінбеймін. Біз қымтанатындай Ислам мемлекетінде өмір сүріп жатқан жоқпыз ғой”, – дейді белгілі дизайнер.

макпал дилназ

Сәнгердің қалауындағы стилі мінсіз әрі жұртқа да ұнамды әртістер деп Роза Рымбаева мен Жәмилә Серкебаеваны атауға болады.

жамиля серкебаева

жамиля серкебава1

Сәкен Жақсыбаев танымал тележүргізуші Динара Сәтжанның абыройын асыра мақтады. Оның омырауын ашып киінетінін дизайнер әртістік образдың бір бөлігіне теңеді.

динара сатжан1

Отандық дизайнерлердің басын біріктіріп, кәсібін өрге дөңгелетуге септігін тигізіп жатқан Динара Сәтжанның Red Carpet шоурумына Жақсыбаев ризашылығын білдірді. Сәнгердің пікірінше, Динара Сәтжанның белсенділігімен сәнқой арулар отандық өндірісті қолдай бастады.

динара сатжан2

динара сатжан

Мақпал Исабекова соңғы уақытта тыңдармандарының сынын еш ескерместен, өз білгенімен жүруді әдетке айналдырды. Әртіс ашық-шашық киімдерін жұртқа паш етуден шаршамайды.

исабекова наряд

“Instagram-да отыратындарға айтарым, әуелі өздерің сахнаға шығып ән айтып, халықтың жүрегіне жол табыңдар, сосын әңгіме басқаша болар еді”, – деп шамданды сәнгер.

макпал исабекова1

Бүгінде әншілік қабілетімен қоса тележүргізушілік қасиетін шыңдап жүрген Луина эстрада жұлдыздарының ішіндегі ашық-шашық киімді ұнататын арулардың бірі.

луина

Ал Роза Әлқожа, Ақбота Керімбекова секілді әншілердің киім үлгісіне қатысты Сәкен Жақсыбаев мардымды жауап бере алмады. Себебі, сәнгер аталмыш қазақстандықтардың шығармашылығымен аса таныс емес екен.

акбота

Ақбота Керімбекова сахналық образынан гөрі, репертуарына, ән орындау шеберлігіне көп мән беретін секілді.

акбота1

Айгүл Иманбаева өзінің жарқын күлкісімен, актерлік шеберлігімен көрермендерді тәнті етіп жүрсе де, кейде көйлектері көзге қораш көрінетіні рас.

айгул иманбаева

Роза Әлқожаның әсем дауысы тыңдарманның құлағында жатталып қалса да, оның ел есінде қаларлық киім үлгісі әзірге жоқ сияқты.

роза алкожа 1

роза алкожа2

Мәдина Сәдуақасова қазақстандық шоу-бизнестегі ең көрікті арулардың бірі болса да, бір-біріне ұқсас көйлектерімен жанкүйерлерін жалықтырып алғандай.

мадина койлек



Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!