Қазақстандық көркем фильм азиялық "Оскарға" жолдама алды

Фотография - Қазақстандық көркем фильм азиялық "Оскарға" жолдама алды

"Күрке" атты арт-хаус жанрындағы көркем фильм Австралияда өтетін "Азиялық Оскар" дәрежесіндегі өнер байқауының шорт-парақшасына енді.

258 0

Қазақстандық "Күрке" фильмі әлемдік деңгейдегі  кинофестивальдердің бас жүлдесіне ұсынылды.  Бұл туралы "Астана" арнасы хабарлады.

Картина бұған дейінде ТМД, Еуропа және Азия елдерінде бірнеше кинобайқауларда үздіктер қатарынан табылған. Фильмге қазақ жігіті Сапар мен қырғыз қызы Айшүрек арасындағы ғашықтық сезім арқау болған. Мал бағып жүріп танысқан екі жастың күрке ішіндегі өмірі шебер суреттеледі. "Картинаның табиғаты ерекше. Фильм көрерменді үнсіз отырып күлдіреді, үнсіз отырып ойға батырады", - дейді режиссер. Фильм қазақстандық көрермен назарына келесі жылдың басында ұсынылады. 
"Бұл мен үшін үлкен дәреже болып отыр. Өйткені ең алғашқы, дебюттік фильмім. Режисер ретінде тырнақалды туындым. Фильмім Австралияда өтетін үлкен кинофестивальге номинант болып, енді ең үздік сценарий номинациясында тұр. Қазақстаннан осы фильм бекітіліп отыр. Енді жиырмасынан кейін сол Австралияға жол жүргелі отырмыз", - дейді қоюшы режиссер Кенжебек Шайқақов.




Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!