"Қазақстан аруы" Астанада!

Фотография - "Қазақстан аруы" Астанада!

10 желтоқсанда Астананың Бейбітшілік және келісім сарайында қазылар мен көрермендер Қазақстанның ең сұлу аруын таңдайды.

7704 0

Жылдың ең әсерлі оқиғасы санаулы күндерден кейін болмақ. "Қазақстан аруы" байқауына дайындық қызу жүріп жатыр. 10 желтоқсанда Астананың Бейбітшілік және келісім сарайында қазылар мен көрермендер Қазақстанның ең сұлу аруын таңдайды. 

2015 жылы ұйымдастырушылар көптеген тосынсыйлар даярлап қойды. Көрермендер отандық дизайнерлер мен әртістер қатысатын таңғажайып думанға тәнті болады. Бас қоюшы режиссер әйгілі актер, продюсер Максим Акбаров.

"Биыл "Қазақстан аруы" байқауы Астананың Бейбітшілік және келісім сарайында I LOVE ASTANA деген ұранмен өтеді! Қатысушыларға арналған, жас та болса керемет астанамыздың әсемдігіне арналған костюмдердің арнайы топтамасы жасалды, ол – Астананың ғимараттары, монументтерінің суреттері бар көйлектер, бұл Астананың көріктілігін бейнелейді. Оларды өзіміздің отандық дизайнерлер дайындайды. Нөмірлердің біреуі Қазақстан халық ассамблеясымен байланысты. Әсерлі әрі көңіл көтеретін думан болады", - деп бөлісті Максим Акбаров.

Іс-шараны Қазақстандағы ең талантты жүргізушілер жүргізеді, олар ақсүйектердің ішіндегі таңдаулысы,   тележүргізу Динара Сәтжан және дарынды актер -  Тәуекел Мүсілім. Жақында ғана Тәуекел Қазақстанның ең көрікті актерлері деген тізімде көш бастап тұрды, танымал басылымдар оны бойжеткендер қызығатын ерлердің қатарына бірнеше рет қосқан болатын. "Осындай сұлулық мерекесінің бір бөлшегіне айналарыма өте қуаныштымын. Қатысушылардың бәріне күш-қуат, төзімділік тілеймін. Сіздер үшін бұл байқау естен кетпейтін оқиғалардың бірі болсын. Баршаңызға сәттілік!", - деді Мүсілім.

Думанның меймандары халықаралық байқаулардың лауреаты "Rin'go" және ресейлік "Главная сцена" шоуына қатысушылар - "The Jigits".

Ал "Славянский базар 2015" байқауының жеңімпазы Димаш Құдайбергенов және "Новая волна 2015" байқауының лауреаты Әдемі халықаралық аренада жеңіске жетелеген әндерін шырқамақ. Сондай-ақ Әдемі Ренат Гайсиннің өзіне арнап жазған "Құстар" композициясын орындап береді.

"Арулардың бәріне өздеріңе сенімді болыңдар дегім келеді, батылдық пен күйзеліске төтеп берер төзімділік тілеймін. Бұл қасиеттер болмаса, байқауларда бақ сынау өте қиын. Өз басым ылғи жеңіске жететініме сенімді боламын, менің артықшылығым да осы. Сұлуларымызға тек сәттілік тілеймін. Осы аруларымыздың арқасында біздің керемет елімізді күллі әлем білетін болады",-деп бөлісті Димаш Құдайбергенов.

Титулы бар қатысушылар 20 қарашада  астанада бас қосып, ақтық думанға дайындықты бастайды. Олар үшін «Сұлулық пен қайырымдылықтың үйлесімі!» деген ұранмен өткізілетін әлеуметтік, спорттық, қайырымдылық іс-шаралар жоспарланған. 2015 жылы жеңімпазға арналған ақшалай жүлде бес миллион теңге көлемінде болады деп бекітілгенін атап өткен жөн. 

Жеңімпаз ақшалай жүлдемен қатар  "Алтын Орда" авторлық дизайн үйі шеберлерінің алтын қолымен жасалған қазақтардың дәстүрлі этно жасауының иегері атанады. "Шығыс рапсодиясы" деген салтанатты топтама қазақ халқының керемет салт-дәстүрін қолөнер "тілінде" айқын көрсеткен. Топтамаға "Махаббат көрпе" жиынтығы, сандықтар, "Бедерлі өрнектер" шал жастығы, қолдан жасалған жастықтар, сондай-ақ дәстүрлі дастарқан жатады. Бұл дүниенің бәрін ұрпақтан ұрпаққа үзілмей жалғасып келе жатқан ұлттық салт-дәстүрді жаңғыртуға бел буған Қазақстан дизайнері Ырза Тұрсынзада ұсынып отыр.

 



Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!