Астанада этномәдени бірлестіктердің мүшелерін марапаттады

Фотография - Астанада этномәдени бірлестіктердің мүшелерін марапаттады

Бірлік пен мәдениетаралық сұхбатты нығайтуға үлес қосқан Қазақстан халқы Ассамблеясының мүшелері марапатталды.

219 0

Елордада "Мәңгілік ел: алуан түрлілік арқылы бірлікке!" тақырыбында Астана қалалық Қазақстан халқы Ассамблеясының XV сессиясы өтті, деп хабарлады елорда әкімдігінің ресми порталы.

Сессия жұмысына Астана қаласы әкімінің орынбасары Ермек Аманшаев, Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің өкілдері, ҚР Парламенті мен қалалық мәслихаттың депутаттары, сондай-ақ Астана қаласы Қазақстан халқы Ассамблеясының мүшелері мен қала құрылымдарының басшылары қатысты. 

"Бірқатар саяси факторлармен байланысты айналада болып жатқан шиеленісті қиын жағдайда Қазақстан бейбітшілік пен келісімнің ошағы болып қала береді. Бұл, ең алдымен, Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаевтың көреген саясатының және біздің көпұлтты халқымыздың даналығы арқылы қамтамасыз етіліп отыр. Қазақстан бүкіл әлемге мемлекеттер мен этностар және діндер бірлігі форматында ойдағыдай қарым-қатынастар құруға, сондай-ақ халықаралық келісім мен ынтымақтастықты дамытып, оған қолдау көрсете отырып,  сонымен бірге айқын экономикалық және әлеуметтік саясат жүргізуге қабілетті екенін көрсетті", - деді Е.Аманшаев.

Қалалық ассамлея сессиясының қорытындысы бойынша, қақар қабылданды, онда 2015 жылдың маңыздылығы атап өтіледі. Дәл осы жылы Қазақстан Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 70 жылдығын,  Қазақ хандығының 550 жылдығын және Қазақстан халқы Ассамблеясының 20 жылдығын тойлады. Астананың қалыптасуының тарихи шежіресінде біздің даму жолымыздың бұл ауқымды кезеңдер ерекше орын алды және тұтастай алғанда,  Қазақстан мемлекеттілігін нығайтуға баға жетпес үлес қосты.

Мерейтойлық сессия Қазақстан халқы Ассамблеясы Елбасының стратегиялық көрегенділігінің тағы бір куәсіне айналғанын, осы бір бірегей институт қазіргі кездегі Қазақстан  қоғамының  өмірінде маңызды рөл атқаратынын атап өтті. 

Іс-шара аясында қалалық ассамблея қызметінің мерейтойлық жылдағы қорытындысы шығарылды, сондай-ақ алдағы жылға міндеттер белгіленді. Бұдан бөлек, мұнда бірлік пен мәдениетаралық сұхбатты нығайтуға үлес қосқан Қазақстан халқы Ассамблеясының мүшелерін марапаттады.

 



Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!