Алматыда Ибрагим Исаевтi еске алуға арналған бильярдтан жарыс өтеді

Фотография - Алматыда Ибрагим Исаевтi еске алуға арналған бильярдтан жарыс өтеді

Спорттық жарыс Береговой мен Жандосов көшелерінің қиылысындағы "Альянс" бильярд клубында 21 қарашада күндізгі 12:00-де өтеді

860 0

Алматыда «Алаш» сыйлығының лауреаты, белгілі ақын Ибрагим Исаевтi еске алуға арналған өнер мен творчестволық қауым және журналистер өкілдері арасында бильярдтан жарыс өтеді, деп хабарлады қалалық әкімдіктің баспасөз қызметі.

Спорттық жарыс Береговой мен Жандосов көшелерінің қиылысындағы "Альянс" бильярд клубында 21 қарашада күндізгі 12:00-де өтеді.

Ибрагим Исаев 1949 жылы 7 қаңтарда Қызылорда облысына қарасты Сырдария ауданының Жетікөл ауылында туған. Қазақ мемлекеттік университетінің журналистика факультетін сырттай оқып бітірген. Сырдария аудандық газетінде әдеби қызметкер, Қызылорда облыстық халық шығармашылығы үйінде нұсқаушы-әдістемеші, Қазақстан Жазушылар одағының көркем әдебиетті насихаттау бюросында тілші-әдіскер, "Ара" журналында фельетоншы, "Жалын" альманахында редактор, "Сахна-Сцена" журналында бас редактор, "Сақшы - На страже" газетінде, "Арай" журналында бөлім меңгерушісі болып қызмет істеген.

Өлеңдері бірқатар шетел тілдеріне аударылған. "Алтын сырға", "Таң алдындағы ән", "Тербеледі қайыңдар", "Жанымның жарығы" т.б. өлеңдер жинақтары жарық көрді.

Коми ақыны И. Куратов, орыс ақыны Н. Рубцов өлеңдерін қазақшаға аударған.

Ибрагим Исаев мыңнан аса қазақ әндер мәтіндерінің авторы. Ақынның өлеңдері бәрімізге танымал. Р. Рымбаева, М. Жүнісова, Б. Шөкенов, Н. Есқалиева, Т. Жаманқұлов, Ж. Ысқақова, С. Қалымов, Шахизада, Ә.Оқапов, "Мұзарт", "Жігіттер", "Нұрмұқасан" т.б. әншілер мен топтардың репертуарларында ақынның сөзіне жазылған көптеген әндер бар. Соның ішінде: "Ән аға", "Сағым Дүние", "Әппақ Қарағымай", "Достар әні", "Менің әппақ жеңешем", "Отандастар" және тағы да басқа ақынның көптеген әндері нағыз хиттерге айналып кетті.

 



Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!