Регина Вандышева Қытайда өтетін "Әлем аруы-2015" байқауына аттанды

Фотография - Регина Вандышева Қытайда өтетін "Әлем аруы-2015" байқауына аттанды

Қазақстанның бетке ұстар аруы дарындылар думанында модерн элементтері бар салтанатты романтикалық би көрсетеді

552 0

22 жастағы "Қазақстан аруы-2014" Регина Вандышева Қытайға (Санья) сапар шегіп кетті, ол 65-ші "Әлем аруы-2015" халықаралық сұлулық байқауында республикамыздың намысын қорғамақ.Әлемнің түкпір-түкпірінен келген титулдары бар арулар бір ай бойы финалға дайындалады. Осы уақыт аралығында олар репетиция, қайырымдылық жобалар, фотосессиялар, ең үздік ұлттық киім байқауы, дарындылар думаны және дефилеге қатысады.

Регина "Қазақстан аруы" байқауынан кейін бірден дайындықты қолға алған болатын. Ол INTERPRESS мектебінде қазақ және ағылшын тілдерінен белсенді түрде білім алды, бояну, шаш сәндеу шеберлігі бойынша кәсіби курстан өтті, сондай-ақ спортпен белсене айналысуын тоқтатпады.

Регина жеңіл атлетикадан спорт шеберінің кандидаты болып табылады. Спортқа бейім мінез-құлқының арқасында кез келген күйзеліске төтеп беріп, байқауда өзін-өзі ұстай алатынына ол сенімді.

"Санаулы күндер қалды, толқып жүрмін. Түрлі мемлекеттен 100 қатысушы жиналады, бәріміз жақында кездесеміз. Ең бастысы, барыңды салып өнер көрсету, елімізді лайықты түрде таныту. Мүмкін емес ештеңе жоқ, өзіме сенемін", - деп ойымен бөлісті Регина.

Қазақстанның бетке ұстар аруы дарындылар думанында модерн элементтері бар салтанатты романтикалық би көрсетеді.


misskazakhstan.kz.



Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!