"Құнанбай" фильмі 3 желтоқсанда прокатқа шығады

Фотография - "Құнанбай" фильмі 3 желтоқсанда прокатқа шығады

Фильм Құнанбай Өскенбайұлының өмірімен бірге XIX ғасырдағы елдің тыныс-тіршілігімен таныстырады

857 0

3 желтоқсанда жалпыұлттық прокатқа "Құнанбай" тарихи көркем фильмі шығады. Ол ұлы Абайдың әкесі Құнанбай Өскенбайұлына арналған, деп хабарлады "Қазақфильм" АҚ баспасөз қызметінен.

"Дарынды қазақстандық кинорежиссер, театр және кино актері, продюсер, Қазақстанның халық әртісі, ҚР мемлекеттік сыйлығының лауреаты Досхан Жолжақсыновтың «Құнанбай» тарихи көркем фильмі прокатқа шығады",- делінген хабарламада.

Д. Жолжақсынов "Даладағы қуғын" (1979), "Алтын күз" (1980), "Көшпенділер" (2010) және т.б. фильмдер бойынша белгілі. Оның режиссер ретіндегі алғашқы еңбегі - «Бiржан сал» фильмі болды. Оны қазақстандықтармен қатар шетелдік көрермен жоғары бағалады.

Фильм Құнанбай Өскенбайұлының өмірімен бірге XIX ғасырдағы елдің тыныс-тіршілігімен таныстырады.

Көркем фильм сценарийін Досхан Жолжақсынов пен жазушы Таласбек Әсемқұлов жазды.

Фильм Құнанбайдың туған жерінде, Шығыс Қазақстан облысы Абай ауданы Қарауыл кентінде және Алматы облысында түсірілген. Тарихтан белгілі, Құнанбайға ел билеу ісі, одан қалды ағайын арасындағы шиеліністер мен руаралық дау-дамайларды шешу оңайға түскен жоқ. Сондай сәттерде ол қашанда әділетке жүгінген. Құнанбай өз халқының жанашыр перзенті ретінде қалың бұқара алдындағы қарызы мен парызын терең түсінген жан. Фильмде Құнанбайдың көрегендігі, данышпандығы, әділдігі, дәстүрді құрметтейтіндігі анық көрсетіледі.

Фильмге түсуге елімізге танымал актерлармен бірге Семейдегі Абай атындағы және Достоевский атындағы театрлардың актерлары да тартылған.


baq.kz



Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!