Дильназ Ахмадиева ажырасатындығын жариялады

Фотография - Дильназ Ахмадиева ажырасатындығын жариялады

Қазақстандық белгілі әнші күйеуі Ахмадпен алдағы уақытта ажырасатындығын міәлідеген.

502 0

Өнер иесі өткен жұмада Алматы қаласында ірі мейрамханалардың бірінде туған күнін атап өтті. Онда Дильназдың достарымен, өнердегі әріптестері бас қосты. Бұл жылы да әнші әдетінен танбай туған күнінде "Көз алдымда" атты жаңа ән жинағын жарыққа шығар. Бұл туралы gakku.kz. хабарлайды.
"Бұл жаңа альбомға тек қазақша әндерім ғана енді. Басында оларды айту қиынырақ болды. Кейінен тілім жаттығып қазақ тілін жақсы меңгердім деп ойлаймын. Көрермендер тыңдап өз бағасын бере жатар", - деп айтты Дильназ Ахмадиева.
Бұл альбомның ішіндегі әндердің барлығы дерлік Дильназдың өз табиғатына жақын. Дегенмен, тізімнің ішіндегі шоқтығы биігі "Гүл сезім" әні. Оны Ескендір Хасанғалиевтің өзі сыйлаған екен.
Осынау айтулы кеш көңілді өтті. Дегенмен, ел арасында өріп жүрген бір қауесеттің мән-жайын сұрауды да жөн санадық.
"Иә, расыменде біз Ахмад екеуміз ажырастық. Қазір құжаттарды рәсімдеп жатырмыз. Арамызда айтарлықтай ұрыс болды деп айта алмаймын. Тек бір-бірімізді түсінуден қалдық. Бәлкім сол да дұрыс болар. Мен оны үнемі жақсы деп жүретінмін. Қазірде сол ойымнан танған жоқпын. Арамыздағы сыйластық өшпейді деген ойдамын", - сырымен бөлісті Дильназ Ахмадиева.
Әншінің басындағы мұндай жағдайға қарамастан осы көктемге де жоспары жоқ емес көрінеді.
"Көктем мезгілінде ағылшын тіліндегі жаңа альбомымды жарыққа шығарсам деген ой бар. Қазір бір ән өңделу үстінде. Сол біткен соң ән жинақты толық дайын деуге болады", - дейді Дильназ.



Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!