Қайрат Нұртас әлемдік деңгейдегі бірқатар концерттерін өткізеді

Фотография - Қайрат Нұртас әлемдік деңгейдегі бірқатар концерттерін өткізеді

Индира Елемес, Нюша, Тимати, Сергей Лазарев, "Reflex" тобы және т.б. танымал жұлдыздар Қайраттың концертінде өнер көрсетпек.

1356 0

Жас, дарынды әрі халықтың сүйікті әншісі – Қайрат Нұртас өз шығармашылығының 10 жылдық мерейтойына орай Астана және Алматы қалаларының тұрғындарын бірқатар концерттерімен қуантпақ, деп хабарлайды "Қазақстан" РТРК АҚ баспасөз-қызметі.

Алдын ала белгілі болғандай, Қайрат өзінің шығармашылық кешіне Индира Елемес, Нюша, Тимати, Сергей Лазарев, "Reflex" тобы және т.б. танымал жұлдыздарды арнайы шақырып, Елорда және Алматы тұрғындары мен қонақтарына ерекше сый жасамақшы. Концертте әртістің көпшілік сүйіп тыңдайтын әндерімен қатар жаңа, заманауи форматтағы әндері де орындалады.

Атап өтсек, жас әнші өзінің шығармашылық ғұмырында орасан зор  көлемде жеке концерттер беріп,  жүзден астам әндерін жазып үлгерді.

Қайраттың әндері әрдайым тындаушының жүрегіне өзінің тереңдік мәнімен және сезімталдығымен жол табады.

Жас әнші 2015 жылғы МУЗ-ТВ байқауында "Қазақстанның үздік әншісі" номинациясында жеңімпаз атанды. Алайда, ол қол жеткізген биіктеріне тоқтамай, алдағы уақытта да шығармашылық шыңдардан көрінуге ұмтылады. 2013 жылы әртістің өмір жолы мен шығармашылығын баяндайтын "Өкініш" атты көркем фильмі жарық көрді. Сонымен қоса шығармашылығының мүмкіншіліктерін одан әрі кеңейту мақсатында журнал мен өзінің киім үлгісінің желісін шығарып келеді.

12 желтоқсанда Астана қаласының Астана-Арена стадионында және 17-18 желтоқсанда Алматы қаласы Балуан Шолақ атындағы спорт сарайында болатын Қайрат Нұртастың ұмытылмас концертін күтудеміз.





Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!