Кiтап оқымаған жастардың iлгерi басуы қиын

Фотография - Кiтап оқымаған жастардың iлгерi басуы қиын

Бүгiнде "жастар кiтапқа қызықпайды, кiтап оқымайды" деген пiкiр қоғамда жиi айтылады ғой

161 0

Кiтап оқымаған жастардың iлгерi басуы қиын. Бұл жөнiнде Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті Күніне арналған Халықаралық Оқу Конгресінде Қытай Халық Республикасы Мемлекеттік сыйлығының лауреаты, жазушы Акбар Мәжитұлы мәлiмдеді.

"Мен өзiм жазушы болғандықтан әрi баспа iсiмен, кiтап шығару iсiмен айналысатындықтан, бүгiнгi шара тақырыбы мен үшiн өте жақын. Бүгiнде "жастар кiтапқа қызықпайды, кiтап оқымайды" деген пiкiр қоғамда жиi айтылады ғой. Алайда, бұл орайда менiң пiкiрiм соңғы уақытта өзгерiп барады. Жастар қағаз бетiне басып шығарылған кiтапты оқымағанымен, электрондық нұсқадағы кiтаптарды көптеп оқуда. Кiтап адамзаттың оқу-бiлiмiнiң қайнары ғой. Кiтап оқымаған жастардың iлгерi басуы қиын", - дейдi жазушы.

А.Мәжитұлы өз сөзiнде кiтапханаға барып, шығармаларды талдап оқитындар көбiне орта жастағы азаматтар болса, Интернет желiсiндегi немесе электронды нұсқадағы кiтаптарды көбiне жастар таңдайды деген пiкiр бiлдiрдi.

"Қазiр заман өзгерiп бара жатқан уақыт. Интернеттiң рөлi артып, ол күшейiп келедi. Алдағы уақытта барлық кiтап, жазба сандық форматқа көшедi деп жоспарлануда. Әлемдегi ең соңғы газет 2039-2044 жылдары Нью-Йоркте жарық көредi деген болжам бар. Қазiрде-ақ бiз сандық форматқа көшу жолымен келе жатырмыз", - дедi ол.


BNews.kz




Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!