Мажарстанда Абай оқулары өтті

Фотография - Мажарстанда Абай оқулары өтті

Аталмыш іс-шара Қазақстан Республикасының Мажарстандағы Елшілігінің қолдауымен өтеді

202 0

25 қарашада Мажарстанның Сегед қаласының Университетінде қазақ ақыны Абай Құнанбайұлының 170 жылдығына арналған көркем әдеби оқулары өтті, деп хабарлады ҚР СІМ баспасөз қызметі.

Аталмыш іс-шара Қазақстан Республикасының Мажарстандағы Елшілігінің қолдауымен және аталған ЖОО-ның филология факультетінің алтаистика кафедрасымен бірлесе отырып ұйымдастырылды.

Оқуларға қатысқан Миxай Сайбей филология факультетінің деканы өз кіріспе сөзінде аталмыш іс-шараның маңыздылығын және оның арқасында мажар қауымы Абайдың шығармашылығымен танысуға мүмкіндік алғанын атап өтті.

Иштван Зимони - алтаистика кафедрасының меңгерушісі. Ол түркология еуропалық ғылым дисциплинасы ретінде ең бірінші рет Мажарстанда пайда болғанына орай, университетте қазақ тілі мен әдебиетіне үлкен мән берілетінін атап өтті.

Абай туралы дайындалған арнайы баяндамасын қазақ тілі және қазақ әдебиеті мұғалімі Раушангүл Мұқышева оқыды. Қазақ тілі мен әдебиетін  оқып жүрген мажар студенттері ақынның "Қара сөздерін", "Мен бір жұмбақ адаммын, оны да ойла" сияқты өлеңдері мен поэмаларын мажар тілінде оқыды.

Сондай-ақ, іс-шарада Ференц Лист музыка академиясының студенті Айымгүл Орынбаеваның орындалуында Абайдың музыкалық шығармалары да көрермендерге таныстырылды.

Еуропадағы ең ірі болып табылатын университеттің кітапханасында Абайдың шығармалары мен қазақ әдебиеті туралы ғылыми зерттеулер көрмесі ұйымдастырылды.

Сегед қаласының университеті 1998 жылдан бері ресми түрде қазақ тілі мен әдебиетін оқытатын Орталық және Шығыс Еуропаның жоғары оқу орындарының бірі болып табылады.

Будапешт шахарының ең көрнекті Орталық саябағында орналасқан Астана көшесінде Абай Құнанбайұлының мүсіні орнатылғанын атап өту жөн.



Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!