Майра Мұхамедқызы өнер жолын "Астана Операда" жалғастырады

Фотография - Майра Мұхамедқызы өнер жолын  "Астана Операда" жалғастырады

Қазақстанның еңбек сіңірген әртісі Майра Мұхамедқызы елордадағы "Астана Опера" театрына ауысты

573 0

Қазақстанның еңбек сіңірген әртісі Майра Мұхамедқызы елордадағы "Астана Опера" театрына ауысты.

Бірегей талант иесі өнер жолын Мемлекет басшысының шақыртуы бойынша енді бас қаламызда жалғастыратын болды. Бұл туралы ол телеарнамызға берген сұхбатында мәлімдеді. Майра Мұхамедқызының атажұртқа оралып, өз өнерімен әлем халқын тәнті етіп жүргеніне 20 жылдан асты. Осы мерзім ішінде ол Ұлт көшбасшысымен бірге талай мемлекетке сапарлады. Сондай-ақ Франциядағы "Грант Опера" театрымен шығармашылық шарт жасасқан алғашқы қазақстандық атанды. Бүгінде өнер иесін еуропалықтар "Майра Керей" деп те атайды. "Елбасы еңбек жолымның тарихи Отанымда жалғасуын қолдады. Тіпті ресми кездесулердің бірінде мемлекеттік сыйлықтың иегері атануыма ықпал еткен",- дейді әйгілі опера әншісі.

Майра Мұхамедқызы, ҚР Еңбек сіңірген әртісі: - Украинаға барғанда, ұмытылмайтын бір сәтке куә болдым. Әуежайда ұшақ тоқтағаннан кейін бүкіл халық қолдарына Қазақстан мен Украинаның туын алып, сол кісіні қарсы алғанда өзге мемлекет өз басшыларын осылай қарсы алмайтын шығар деп ойладым.



Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!