Артур Платонов "Портрет недели" бағдарламасына қайтып келеді

Фотография - Артур Платонов "Портрет недели" бағдарламасына қайтып келеді

Бұл туралы Today.kz-ке КТК арнасының продюссері Дәурен Меркеев мәлімдеді

804 0

Тележүргізуші Артур Платонов "Портрет недели" ақпараттық-сараптамалық бағдарламасына қайта оралады. Бұл туралы Today.kz-ке КТК арнасының продюссері Дәурен Меркеев мәлімдеді.

Сараптамалық бағдарламаны жүргізуші ретіндегі жұмысын Платонов 2015 жылдың 6 желтоқсанынан қайта бастайды.

Айта кетейік, Платонов "Портрет недели" бағдарламасын 11 жыл бойы жүргізіп келген. Алайда 2011 жылы аяқ-асты бағдарламаны тастап кетті де, бар жігерін "Слуги народа" жобасына жұмсады. "Портрета недели" бағдарламасының келесі жүргізушісі Сергей Пономарев болған. 2015 жылдың наурыз айында оны Ярослав Красиенко ауыстырды.

Дәурен Меркеевтің түсіндіруінше, Красненко арнада астаналық бюро директоры мен журналист ретінде қалады. "Бұл Ярославтың жаңа жоспарлары – документалды циклдерді жалғастырумен байланысты, оның үстіне бұл өте ауыр – апта сайын Астанадан Алматыға қатынау", - дейді Дәурен Меркеев. 

Белгілі болғандай, Артур Платоновтың КТК арнасындағы "Слуги народа" жобасы жабылады.



Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!