"Қазақстан аруы" байқауына қатысушыларға дауыс беру басталды

Фотография - "Қазақстан аруы" байқауына қатысушыларға дауыс беру басталды

"Қазақстан аруы-2015" байқауының ресми сайтында қатысушыларға дауыс беру басталды.

325 0

"Қазақстан аруы-2015" байқауына қатысушылардың ресми фотосуреттері. Өзіңіз таңдаған аруға misskazakhstan.kz" сайтында дауыс беруге болады", - делінген әлеуметтік желілердегі байқаудың ресми аккаунтында.

Еске сала кетейік, 10 желтоқсанда Астанада ұлттық сұлулық байқауының финалы өтеді. Елдің 30 ең әдемі сұлу қыздары "Қазақстан аруы-2015" тәжі мен атағын жеңіп алу үшін сынға түседі. Ал, биыл әлемдік додаға Қазақстанның намысын Регина Вандышева қорғайтын болады.

Бұдан бұрын, елдің ең сұлу аруын қазақстандықтардың өздері онлайн және смс-дауыс беру жолымен таңдайтыны хабарланған болатын. Ал байқаудың қазылар алқасы гранд-финалшылардың үштігін ғана анықтайды. Биылғы жылы бірінші орынға 5 миллион теңге мөлшерінде жүлде тағайындалғанын атап өткен жөн.

Байқау сайтында хабарланғандай, дауыс берудің аяқталуына 6 күн 22 сағат қалды.



Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!