Əдебиет саласындағы алғашқы "Алтын тобылғы" сыйлығының жеңімпаздары марапатталды

Фотография - Əдебиет саласындағы алғашқы "Алтын тобылғы" сыйлығының жеңімпаздары марапатталды

Қазылар алқасы 2015 жылдың шілдесінен бастап өтініш берген 120 əдеби туындының арасынан ең жақсы жазатын төрт қалам иесін таңдап алған

1448 0

Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президентінің Қоры қазақ əдебиеті саласындағы алғашқы  «Алтын тобылғы» сыйлығының жеңімпаздарын марапаттады.

Қазылар алқасы 2015 жылдың шілдесінен бастап өтініш берген 120 əдеби туындының арасынан ең жақсы жазатын төрт қалам иесін таңдап алған. Атап айтсақ,  "Ең жақсы проза" номинациясында 20 жастағы Өскемен қаласының тұрғыны Арай Ертарғынова, "Ең жақсы драматургия" номинациясында Əннəс Бағдат, "Ең жақсы балалар əдебиеті" номинациясында Алексей Варзаев "Алтын тобылғы" сыйлығы мен 1 млн. теңге көлемінде ақшалай сыйлыққа ие болды. Ал белгілі журналист Есболат Айдабосын "Мəңгілік ел" тақырыбындағы туындысы үшін 1,5 млн.  теңге көлемінде арнайы сыйлықты иеленді.

"Мемлекет басшысы жастарымыздың шығармашылық әлеуетін дамытуға үнемі көңіл бөледі. Сондықтан да, Тұңғыш Президенттің қоры биыл алғаш рет осы жүлдені табыстап отыр. Енді жыл сайын "Алтын тобылғы" әдеби жүлдесі өз лауреаттарын күтеді. Жобаның мақсаты - жас қаламгерлердің шығармаларын халыққа таныстыру, олардың жаңаша ойдағы туындыларын топтастыру",-деді салтанатты шарада Тұңғыш Президент Қорының атқарушы директоры Сағындық Нұрақанов.

Жалпы, "Алтын тобылғы" сыйлығын Елбасы-Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президенті Қоры ұйымдастырып, құрылтайшысы атанып отыр. Жоба 18-35 жас аралығындағы жас авторды ынталандыруға бағытталған. Жобаның серіктестері - Қазақстан Жазушылар одағы мен Мемлекеттік тілді дамыту қоры, деп жазды ҚазАқпарат.



Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!