"Қаллеки" театры Мәскеудегі халықаралық театрлар сайысында бас жүлдеге ие болды

Фотография - "Қаллеки" театры Мәскеудегі халықаралық театрлар сайысында бас жүлдеге ие болды

"Тыраулап ұшқан тырналар" қойылымы "ЗОЛОТОЙ ВИТЯЗЬ 2015" кубогы, яғни ГРАН-ПРИ жүлдесін жеңіп алды.

1191 0

30 қараша күні Қазақстан атынан Астанадағы Қ.Қуанышбаев атындағы Мемлекеттік академиялық қазақ музыкалық драма театры Мәскеуде өтіп жатқан "ЗОЛОТОЙ ВИТЯЗЬ" XIII Халықаралық театр форумына "Тыраулап ұшқан тырналар" (Авторы: В.Ежов, реж.: Т.Теменов) лирикалық драмасымен қатысып, форум қонақтары мен көрермендер тарапынан ыстық ықыласқа бөленген болатын. Аталған Халықаралық форум бүгін өз мәресіне жетіп, қазылар алқасы өз шешімдерін тұжырымдады, деп хабарлады baistars.kz.

Қазақстанның Халық артисі Тілектес Мейрамов - полковник Лукянов, актер Әбілмансұр Серіков - Пернебек Боранбаев, актриса Ақмарал Танабаева - Инга рөлдері үшін "ЗОЛОТОЙ ВИТЯЗЬДІҢ" дипломанттары атанды. 
Сондай-ақ, үш бірдей жеңіске қоса, "Тыраулап ұшқан тырналар" қойылымы "ЗОЛОТОЙ ВИТЯЗЬ 2015" кубогы, яғни ГРАН-ПРИ жүлдесін жеңіп алды.






Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!